Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Республика аумағында локдаун енгізіле ме?

Республика аумағында локдаун енгізіле ме?

Үнді штаммының келуіне байланысты Қазақстанда локдаун жариялануы мүмкін бе? Бүгін Орталық комуникациялар қызметінде өткен брифингте осындай сұрақ қойылды. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов бүгінгі күні ел аумағында локдаун енгізуге байланысты ешқандай мәселе жоқ деп мәлімдеді.

«Бұл мәселе күн тәртібінде жоқ. Кеше Ведомствоаралық комиссия отырысында Нұр-Сұлтан қаласында енгізілетін нақты шектеу шаралары қабылданды. Оның бәрі алдын ала шаралар деп айтуға толық негіз бар. Бұл қызмет көрсету саласына, адамдар көп жиналатын орындарға, сауда орталықтарына қатысты шектеулер. Бұл жұмыстар жалғасын табады. Одан әрі шешім эпидемиологиялық жағдайға байланысты қабылданатын болады», - лелі Е.Тоғжанов өз жауабында.