Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қазақстанда ПТР-тестілеу бағасы арзандауы мүмкін

Қазақстанда ПТР-тестілеу бағасы арзандауы мүмкін

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Қазақстанда ПТР-тестілеу бағасы арзандауы мүмкін екенін айтты. Ведомствоаралық комиссияда кәсіпкерлер бағаны арзандатып, әрі қарай Еуропа елдерінде қолданылатын жаңа ПТР-тестіні алуды ұсынды. «Денсаулық сақтау министрлігі Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен және кәсіпкерлермен бірге бұл мәселені қарастырып жатыр. Сондықтан, ең алдымен, біз бағаны төмендету мүмкіндігін қарастырамыз», - деді Вице-Премьер. Қазіргі кезде ПТР тест жасату 7-8 мың теңге тұрады.

*****

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова вакцинация мен ПТР-тестілеуден бас тартқан қызметкерлерге қандай шаралар қолданылатынын айтып берді. «Алдағы уақытта бірқатар санаттағы адамдарды вакциналау бойынша міндетті талап болатынын білеміз. Бұл Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысында жазылады. Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысын бұзғаны үшін Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодекске сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылған», - деді Айжан Есмағамбетова. 

***** 

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының шалғайдағы елді мекендерінің тұрғындары аудан орталығына бармай-ақ вакцина ала алады. Ауылдарда жылжымалы егу пунктері жұмыс жасайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қарқаралы ауданында ауыл тұрғындарына ыңғайлы болу үшін жылжымалы егу кешендерінің жұмысы ұйымдастырылды. Мобильді вакцинация пунктері әрбір елді мекенге барады. Ол күн сайын қоғамдық орындарда жұмыс істейді. Бірінші кезекте олар бүкіл Қарқаралыны аралап, кейін шалғай ауылдарға аттанады.

***** 

Түркия Мұқағали Мақатаевтың есімі ұлықталып, өлеңдер жинағы таныстырылды. Анкарада өткен шараны халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымы ақынның 90 жылдығына орай ұйымдастырған. Салтанатты шарада алты тілге тәржімаланған туындының тұсауы кесілді. Енді ақынның шығармаларын қырғыз, түрік, әзербайжан, өзбек, түрікмен және башқұрт тілдерінде оқуға болады. Айтулы іс-шараға Мәдениет және спорт министрлігі, Алматы облысы әкімдігінің өкілдері, өнерпаздар мен ақынның ұрпағы Жұлдыз Мақатаев арнайы барып келді. 45 жыл ғұмырында халқына өшпес рухани мұра қалдырған ақынның 90 жылдығы Кастамону қаласында да аталып өтті. 

*****

Елордада полиция күніне орай «Серт» республикалық детективтік шығармалар байқауының жеңімпаздары марапатталды. Қатысушылардан 32 шығарма келіп түскен. Байқауды ішкі істер министрлігі алғаш рет ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты – детектив жанрын қайта жандандырып, полицейлердің қызметі туралы романдар мен шығармалар санын арттыру. Байқаудың шарты бойынша повестердің көлемі 50-60 беттен кем болмауы керек. Жүлдегерлерді марапаттау рәсіміне қатысқан Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев бұл байқау енді жыл сайын өткізілетінін айтты. 

*****

Алматыда жергілікті тұрғындар өзеннен ер адамның мәйітін тауып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. В идео әлеуметтік желіде тарады. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған деректі растады. «Бұл факті Түрксіб ауданының аумағында тіркелді. Ер адамның мәйіті табылды. Оның кім екені әзірге белгісіз. Алдын ала сараптама кезінде денесінде зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ», - деп хабарлады полициядан. Өлімнің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды.