Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Вакцина ал да, екі бөлмелі пәтер ұтып ал!

Вакцина ал да, екі бөлмелі пәтер ұтып ал!

Алтай Көлгінов вакцинацияланғандар арасында екі бөлмелі пәтер ұтысы өтетінін хабарлады. Бұл жайлы қала әкімі Instagram парақшасында жазды. Пәтер ұтысына осы жылдың 25 маусымы мен 31 тамызы аралығында вакцинаның бірінші компонентін алатын 18 жастан асқан қала тұрғындары қатыса алады.

«Коронавирустың таралуын болдырмау және вакцинация жүргізу бойынша штаб отырысын өткіздім. Өз орынбасарларыма, басқарма басшыларына және аудан әкімдеріне жетекшілік ететін салаларда вакцинациялаудың маңыздылығы мен қажеттілігін жоғары деңгейде түсіндіру үшін жекелеген жауапкершілік жүктелді.

Ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін қала халқының 60%-дан астамы вакцинациялануы қажет. Санитарлық дәрігерлер карантиндік қосымша шектеулер туралы жаңа қаулы дайындауда: қауіп-қатер тобы үшін вакцинация міндетті, вакцинацияланбаған қызметкерлерді қашықтан жұмыс істеу режиміне көшіру және т.б. талап етіледі» – деп жазды елорда әкімі.

Қала тұрғындарын ынталандыру үшін  жаңадан вакцинацияланғандар арасында екі бөлмелі пәтер ойнатып жатыр. Пәтер инвесторлар есебінен сатып алынған. Ұтыс ойынына қала емханаларында немесе СОО/СҮ пункттерінде екпе алған қала тұрғындарының бәрі қатыса алады.

Ал пәтер ұтысының ойынына осы жылдың 25 маусымы мен 31 тамызы аралығында вакцинаның бірінші компонентін алатын 18 жастан асқан қала тұрғындары қатыса алады. Нәтижесі қыркүйек айының басында жарияланады. 

«Айта кетейін, бұған дейін «MEGA Silk Way» СОО вакциналанғандар арасында автокөлік ұтыс ойыны өтетінін хабарлаған. Сол сияқты СОО/СҮ пункттерінде вакцинацияланғандар арасында компьютерлік және тұрмыстық техникалардың, iPhone смартфонының ұтыс ойындары ойнатылады.

Соңғы күндері тұрғындардың вакцина алудағы белсенділігі қуантады. Қала тұрғындары осылайша өз денсаулығына жауапкершілікпен қарай бастады әрі «Дельта» штаммының қаупін түсінді. Вакцинация – пандемиямен күрестегі жалғыз, тиімді әдіс!» – деді Алтай Көлгінов.