Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Сирия бойынша келіссөздер шілде айының басында Нұр-Сұлтанда өтеді

Сирия бойынша келіссөздер шілде айының басында Нұр-Сұлтанда өтеді

7-8 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласында Астана форматында Сирия бойынша жоғары деңгейдегі 16-шы халықаралық кездесу өтеді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі хабарлады. Кездесуде кепілгер елдер - Иран, Ресей және Түркия, сондай-ақ Сирияның үкіметі мен қарулы оппозициясы өкілдерінің қатысуы жоспарлануда. Бақылаушылар ретінде БҰҰ, Иордания, Ирақ пен Ливанның жоғары деңгейдегі өкілдері қатысады. Келіссөздердің күн тәртібінде Сириядағы, оның ішінде әлеуметтік-экономикалық және санитарлық-эпидемиологиялық ахуал; Сирияға халықаралық ізгілік көмек көрсету; Женевадағы сириялық Конституциялық комитет жұмысының жандану перспективалары; тараптар арасындағы сенімді нығайту, оның ішінде тұтқындармен алмасу, кепілге алынғандарды босату және із-түссіз жоғалғандарды іздеу мәселелері қаралады.

*****

Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сархат Бейсенова коронавирустың таралуының алдын алу үшін жаңа қаулы шығарды. Қала тұрғындары мен қонақтарына «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерде еске алу шараларын өткізуді қоспағанда, отбасылық, бұқаралық іс-шараларды, оның ішінде үйде өткізуге және қатысуға, митингілер, шерулер, жиындар өткізуге тыйым салу талаптары жалғасады. Өндірістік қажеттілікке байланысты, меншік нысанына қарамастан, мемлекеттік органдардың (ұйымдардың), кәсіпорындардың әкімшілік персоналының кемінде 80%-ын қашықтықтан жұмыс түріне көшіру. Осы қаулы 27 маусымда күшіне енеді.

*****

Ақтөбе әкімдігі «Екпе ал да көлік ұт» акциясы аясында ұтысқа көлік тікті. Науқан екі кезеңде өтеді. 25-маусымнан 10-тамызға​ дейін және 11-тамыздан​ 25-қыркүйекке дейін. Оған 25-маусым мен 25-қыркүйек​ аралығында Ақтөбе облысының аумағында коронавирус індетіне қарсы​ кез келген​ екпенің бірінші компонентін алған адамдардың барлығы қатыса алады.​ Жеңімпаздар​ ​ «AQTOBE» телеарнасының тікелей эфирінде​ анықталады. «Әр кезеңнің басты​ жүлдесі – биыл шыққан​ Chevrolet автокөлігі. Сондай-ақ,​ смартфондар, планшеттер, спорттық велосипедтер, робот шаңсорғыштар мен​ смарт сағаттар сияқты​ жүлделер де​ ойнатылады»,- деп хабарлады өңірлік коммуникациялар қызметі.

*****

Ел астанасында «URKER-2021» ұлттық бәйгесінің жеңімпаздары марапатталды. 10 аталым бойынша үздіктер анықталды. Олардың қатарында «ҚазАқпарат» агенттігі, «Ақиқат» пен Форбс Қазақстан журналдары, «Aiqyn» , «Семей таңы», Түркістан газеттері, «BaigeNews.kz, Massaget.kz , Vlast.kz , newsroom.kz порталдары бар.   

*****

Сонымен бірге, «URKER-2021» ұлттық бәйгесінің арнайы жүлдесі «Қазақ радиосының» ұжымына берілді. «Байқаудың арнайы жүлдесін анықтау біз үшін үлкен мәнге ие. Бұл жүлдені алып отырған ұжымның орны бөлек. Бір ғасыр бойы халықты үздіксіз ақпаратпен және ұлтымыздың әні мен жырын, мәдениетін халыққа жеткізіп отырған еліміздің бас радиосы – «Қазақ радиосына» беріледі. Қазақ радиосы ұжымын шын жүректен құттықтаймын! Еліміздің радиосы мыңжылдықтар бойы қазақтың үнін жеткізе берсін.», - деді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева. Барлық жеңімпаздарға «URKER» естелік мүсіншесі мен бір миллион теңге берілді.