Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

2008 жыл – Жаһандық дағдарыс

2008 жыл – Жаһандық дағдарыс


Қазақстан тәуелсіздік жылдары түрлі-түрлі һәм тұтастай кезеңдерді еңсерді. Рас, оның бәрі жайлы кезең емес еді. Бірі қалыптасу кезеңі, енді бірі өтпелі кезең, бірі жайлы кезең болса, енді бірі дағдарыс кезеңдері болатын. Нарықтық даму мен ашық қоғам бағытын таңдаған еліміз үшін әлемдік жаңалықтардың бәрі әсерлі бола бастады. Соның ішінде экономика, қаржы мәселесінде Қазақстан дүние елдерімен бірге түрлі қиындықтарды да, түрлі асуларды да еңсерді. 

2008 жылы Қазақстан күрделі әлемдік қаржы дағдарысына да куә болып, оны бастан өткерді. Шындығында шайқалу нүктесі мұхиттың арғы бетінен болды делінетін 2007 жылы сезіле бастаған жаһандық дағдарыс салқыны 2008 жылы әлемдік мәселеге айналып шыға келді. Қаржылық-кредиттік құлдыраудың азық-түлік тапшылығына ұласып кетуі жұртшылықты біраз әуреге салды. Беделді деген болжаушылардың өзі болашақ кезең тұрмақ алдағы аптаға тұжырым жасаудан қалған шақ еді. 

Ия, тәуелсіздіктің 17 жылында тап келген жаһандық күйзелістен шығудың аса тиімді жолын қалыптастырған Қазақстанның дағдарысқа қарсы саясаты Орталық Азия өңірі мен ТМД елдерінің ішінде ең тиімді жол болып саналғанын да әлем мойындайды. Бұл бағытта ең алдымен Америка мен Еуропада күрт белең алғанындай жұмыссыздық деңгейін арттырмау Үкіметтің күн тәртібінен түспеді. Елбасының тапсырмасы бойынша дағдарысқа «Жол картасы» бағдарламасы қабылданып, жұмыссыздық пен қымбатшылыққа тосқауыл болар тетік қосылды. Және дәл сол уақыттан бастап ел тұрғындары иппотека арқылы баспаналы болуы мүмкіндік алды.

2008 жылы жаһанды жайлаған дағдрысқа қарамастан, Қазақстан өзінің көпвекторлы сыртқы саясатында берік ұстана білді. Соның арқасында 5 қазанда Америка Құрама Штаттарының Мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс біздің мемлекетке бір күндік, яғни қысқа мерзімді ресми сапармен келді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ Мемлекеттік хатшысымен Ақордада кездесіп, келіссөз жүргізді. Онда Нұрсұлтан Назарбаев пен Кондолиза ханым халықаралық, аймақтық мәселелердi талқылаған болатын. 

2008 жылы дағдарыстың екінші қуатты толқынымен күресте 10 миллиард доллар нақты бес бағытқа жұмсалған. Олар: банк секторын тұрақтандыру, үлескерлер мен құрылыс мәселесі, шағын және орта бизнес, ауыл шаруашылығы, және индустриялық бағдарламаны жалғастыру. Осылайша, бес бағыт бойынша дағдарысқа қарсы шаралар бағдарламасы сол жылы елдің экономикасын тұрақтандыруға айтарлықтай әсер еткен.

2008 жылы елдігімізді еселеп, еңсемізді тектеген елорда үшін де айтулы кезең болды. Себебі сол жылы жас шаһар өзінің 10 жылдық мерейтойын атап өтті. Әлемді жайлаған экономикалық дағдарысқа қарамастан елордамыз Нұр-Сұлтан қаласының дамуы бір күнге, тіпті бір сағатқа шегерілген жоқ. Бүгінде, мұнда тұрғызылған зәулім ғимараттар мен осында атқарылған әрбір іс соның айқын дәлелі.

Ия, Елорда туралы сөз қозғағанда ең алдымен бұл қаланың жыл санап көркейіп, ажарланып келе жатқандығы еске түседі. Бүгінде, жас шаһар тек саяси-экономикалық жетістіктердің ғана емес, сондай-ақ елдің өткен өмірінен сыр шертетін Қазақстанның тарихи, мәдени орталығына да айнылып үлгерді. Еліміздің іргесі берік, тәуелсіздігі баянды болғай!

Толығырақ хабардың аудионұсқасында.