Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

«Қазақстан мұғалімі» ұлттық сыйлығына кез келген педагог өтінім жібере алады

«Қазақстан мұғалімі» ұлттық сыйлығына кез келген педагог өтінім жібере алады


Қазақстан отандық QazVac вакцинасының 25 мың дозасын Қырғызстанға жіберді,-деп хабарлайды zakon.kz. Бұл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғызтан Президенті Садыр Жапаровпен өткізген келіссөз нәтижесінде мүмкін болды. Еліміз Президентінің тапсырмасына сәйкес, ҚР Үкіметі көршілес елге гуманитарлық көмек ретінде 25 мың доза отандық QazVac вакцинасын жөнелтті, - делінген хабарламада.

*****

Елордада бір тәулік ішінде карантин талаптары 15 мекемеде бұзылды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Тәулігіне 200-ден астам рейдтік іс-шара өткізіліп, елорданың 240 кәсіпкерлік нысаны тексерілді. Анықталған бұзушылықтардың арасында маска режимін, әлеуметтік қашықтықты, жұмыс режимін сақтамау, адамдардың жаппай жиналуы жиі кездеседі.

Тәртіп бұзушыларға қатысты жиналған материалдар тиісті шаралар қабылдау үшін аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларына тапсырылды.

*****

«Қазақстан мұғалімі» ұлттық сыйлығына кез келген педагог өз бетімен өтінім жібере алады. Ол үшін мектеп басшылығы мен салаға жауап беретін ведомствоның ұсынымы қажет емес. «Қазақстан мұғалімі» ұлттық сыйлығының амбассадоры, жеңімпаз «Қоғамдық маңызы бар бастамаларды дамыту» қорының құрылайтышысынан 10 мың доллар көлемінде сыйлық алады. Биыл үшінші рет өтетін конкурстың мақсаты – педагог еңбегінің беделін, педагог мәртебесін көтеру, мұғалімдерімізі халықаралық деңгейге шығару,- дейді Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрағасының орынбасары Жомарт Қарамбаев.

*****

Қарағанды облысының Ұлытау ауданында дала өрті сөндірілді. Құрғақ шөп 25-шілде күні жанды. Екі тәулік ішінде өрт сөндірушілер 4 мың га жердегі жалынмен күресіп, оны тоқтатты. Өртті сөндіруге ТЖ департаментінің, орман шаруашылығының бөлімшелері, жергілікті атқарушы органдар, полиция бөлімі, өртке қарсы ерікті құрамалар мен жергілікті тұрғындар жұмылдырылды.

«Қарағанды облысында ертең найзағай ойнап, өрт қаупі сақталады. Сондықтан мамандар өңір тұрғындары мен қонақтарын қауіпті кезеңде орманда отты пайдалану кезінде ерекше сақ болуды сұрайды.

*****

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина жартылай финалға шықты. Ол үшін оған екі сет қажет болды, оны қазақстандық жоғары деңгейде өткізді. Желесіміз әйгілі қарсыласы испаниялық Гарбинье Мугурусқа мүмкіндік қалдырмады - 7:5, 6:1. Енді финалға шығу үшін Рыбакина Швейцариялық Белинда Бенчичке қарсы ойнайды.

*****

Бүгін Токиода велоспорттан ерлер арасындағы бәсеке толық аяқталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер тізімі анықталды. Қазақстандық Алексей Луценко жекелей сын қорытындысы бойынша 32-ші орыннан көрінді. Ол 44,2 шақырымды 1 сағат 02 минут 21.67 секундта жүріп өтті. Луценко жарыс жеңімпазы атанған словениялық спортшыдан 7 минутқа қалып қойған.