Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Тұрғын үй құрылысы барысын бақылайтын ахуалдық орталық құрылды

Тұрғын үй құрылысы барысын бақылайтын ахуалдық орталық құрылды

Елімізде тұрғын үй құрылысы барысын бақылап, мониторинг жүргізетін арнайы ахуалдық орталық құрылды. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев айтты. «заманауи техникалық бақылау құралдарын қолдана отырып, барлық объектілерге қашықтықтан мониторинг жүргізуге мүмкіндік беретін ахуалдық орталық құрылды. Осылайша , әкімдіктің қызметкерлері порталдағы жеке кабинет арқылы апта сайын өңірлерде жылжымайтын тұрғын үй объектілерінің құрылысы барысы, дайын тұрғын үйді қаржыландыру, қаржыны игеру және сату көлемі туралы өзекті ақпаратты орналастырады», - деді Қайырбек Өскенбаев. Оның мәлімдеуінше, ендігі уақытта кез келген азамат «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында ел бойынша тұрғын үй құрылысының барысы туралы ақпаратқа қол жеткізе алады.

///

Солтүстік Қазақстан облысында өткен тәулікте 147 адам КВИ жұқтырды, қазір өңірде стационарлар 46% толған. СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, коронавирус жұқтырғандардың жартысына жуығы Петропавл тұрғындары.

///

Өткен тәулікте облыс орталығының 76 тұрғыны ауырған. Жалпы соңғы кезде КВИ жұқтырғандардың 90 %-ында ауру белгілері бар. Өңірде өткен жылдың наурызынан бері 18 193 адамда коронавирус анықталған. Оның 775-і дәрігер. Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір өңірдің инфекциялық стационарларында 725 адам ем алып жатыр. 49 адам ауыр халде жатыр.

///

Түркістан облысында эпидемиологиялық ахуал тұрақты болса, жаңа оқу жылы офлайн форматта өткізілуі мүмкін. Бұл туралы облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Рақымбек Жолаев айтты. «Бүгінде облыс мектептерінде 61 515 мұғалім жұмыс істейді, оның 58 820-сы вакцина қабылдаған. Ал, білім ұяларында жұмыс істейтін 23 932 техникалық маманның 18 753-і екпе салдырды. Жаңа оқу жылы басталғанға дейін мектепте жұмыс істейтін барлық мамандар 100 пайыз індетке қарсы екпе салдырады.», – деді Рақымбек Жолаев. Оның сөзінше жаңа оқу жылында 69 939 бала бірінші сынып табалдырығын аттайды деген болжам бар. Қабылдау жұмыстары толық автоматтандырылған. Бүгінгі таңда 47 266 өтініш қабылданды, бұл 78 пайызға тең.

///

Шығыс Қазақстан облысында шомылу маусымы басталғалы бері суға батып бара жатқан 21 адам, оның ішінде 4 бала құтқарылды. ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өңір бойынша суға кеткендер саны көбейіп барады. Биыл осындай 31 қайғылы жағдай тіркелген. Оның 8-і – бала. Анықталғандай, барлығы жабдықталмаған жерлерге шомылуға барған», - делінген хабарламада. «Осы уақытқа дейін құтқарушылар 3 385 рет профилактикалық рейд жүргізді. Базалардың иелерімен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, азаматтардың қауіпсіз демалысын қамтамасыз ету мақсатында 33 меморандум жасалған», - деді ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Дмитрий Титов.

///

Топтаманы Олимпиада ойындарының жаңалықтарымен жалғастырайық...

Жарты сағаттан кейін Токио Олимпиадасында қазақстандық Закир Сафиуллин ширек финалда австралиялық Харрисон Гарсайдпен кездеседі. Естеріңізге сала кетейік Закир бірінші іріктеу кезеңінде перулік спортшыны 5:0 есебімен жеңсе, одан кейін жапониялық боксшы денсаулық жағдайына байланысты шаршы алаңға шығудан бас тартты. Алдын ала ақпарат бойынша жекпе -жек астана уақытымен сағат 15:35-те басталады. Оны Қазақстан ұлттық арнасы трансляциялайды. Закир қарсыласын жеңген жағдайда жартылай финалда кубалық Энди Круз және бразилиялық Вандерсон Оливейрамен шеберлік байқасады.  

///

Енді валюта бағамы туралы мәліметпен таныс болыңыздар

Қазақстан Қор Биржасының мәліметі бойынша

1 АҚШ ДОЛЛАРЫ : 423 теңге 79 тиын

ЕУРО : 504 теңге 55 тиын

РЕСЕЙ РУБЛІ: 5 теңге 81 тиын