Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевты қабылдады

Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевты қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевты қабылдады. Ерлан Тұрғымбаевтың айтуынша, ведомство қылмыстың көптеген түрлерін ашу көрсеткіштерін жақсартқан. Мемлекет басшысына вакцина алғандығы жөнінде жалған құжаттар таратудың жолын кесу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтылды. Жыл басынан бері полиция органдары 50-і жалған вакцинация паспорттарын және 60-ы жалған ПТР-анықтамаларын жасағаны үшін 110 қылмыстық іс қозғаған. Министр ІІМ бөлімшелеріндегі жеке құрам қызметкерлерінің 96 пайызы екпе алғанын жеткізді.

///

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин халықты вакциналау жұмысын жалғастыруды тапсырды. Бүгін өткен Үкімет отырысында Асқар Мамин елімізде эпиджағдай күрделі екенін айтып, пандемиядан шығудың жалғыз жолы – вакциналау екенін еске салды.   

///

 ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой алдағы екі айдағы КВИ сырқаттану көрсеткішіне болжам жасады.

///

« Дельта штамының алғаш рет елордада анықталғанын және аурушандықтың күрт өсуіне әкелгенін ескере отырып, Нұр-Сұлтан қаласындағы сырқаттану динамикасы зерттелді. Соңғы екі аптада ауру көрсеткіші бір деңгейден аспады, - деді министр Үкімет отырысында. Оның сөзінше, соңғы аптада жедел жәрдем шақыру 11% азайған. «Тамыз-қыркүйек айларындағы эпидемиологиялық жағдайға болжам негізінде оптимистік сценарий бойынша жүреміз, бұл мерзімде тіркелетін жағдайлардың болжамды саны - шамамен 250 мың адам (орта есеппен тәулігіне 7 мыңға жуық жағдай). Бұл - карантин шараларын сақтап, тұрғындарды вакцинамен қамтуды арттыру кезінде ғана мүмкін болады», - деді министр.

///

Қазақстанда 5 млн-нан астам халық коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші дозасын салдырды. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың мәліметінше, бірінші компонентті 5 480 094 адам салғызды, бұл вакцина алуы тиіс халықтың 55,4 пайызына тең. Екінші компонентімен 3 941 мыңнан аса адам немесе тиісті халықтың 39,8 пайызы қамтылды», - деді министр. Министрлік тағы 4 млн халық үшін қосымша 8 млн доза жеткізуге келісті.

///

Атырауға QazVac вакцинасының 990 дозасы жеткізілді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, отандық вакцинаны үш емханадан алуға болады. «Аймақтағы фармацевтикалық қоймаға QazVac вакцинасының 990 дозасы жеткізілді. Яғни, вакцинаның әр компоненті үшін 495 дозадан бар. Бұл вакцинаны Атырау қаласындағы №4, №5 емханадан, сондай-ақ Еркінқала отбасылық-дәрігерлік амбулаториясында алуға болады», - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі. Ал жақында өңірге «Спутник V» вакцинасының 10 мың дозасы жеткізілмек.

///

Солтүстік Қазақстан облысында өткен тәулікте 147 адам КВИ жұқтырды, қазір өңірде стационарлар 46% толған. СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, коронавирус жұқтырғандардың жартысына жуығы Петропавл тұрғындары.Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір өңірдің инфекциялық стационарларында 725 адам ем алып жатыр. 49 адам ауыр халде жатыр.

///

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жаңа оқу жылында мектеп формасына қатысты шешімін айтты. «Жаңа оқу жылының басталуы қарсаңында мектеп формасы туралы мәселе өзекті болады. Пандемияға дейін мектеп формасын кию міндетті болды. Бірақ мектеп формасын қолдағандар мен қарсылық білдіргендердің пікірлерін саралап, барлық жағдайларды ескере отырып, біз оқушыларға мектепке тек мектеп формасында ғана емес, сонымен қатар классикалық стильдегі киімде де келуге мүмкіндік беретін шешімді қабылдадық. Мен өзім ата-ана ретінде де, Білім және ғылым министрі ретінде де мектеп формасын киюді қолдаймын деді министр. Оның айтуынша, бұл шешім тек қана келесі оқу жылы үшін қабылданды.

///

Елімізде құрылыс материалдарын сату мен сатып алуға арналған онлайн жүйе іске қосылады. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев айтты. «Маркетплейс алаңының нәтижесінде құрылыс материалдарының құны 15%-ға дейін арзандайды», - деді Қ. Өскенбаев. Оның айтуынша, аталған жүйе арқылы құрылыс материалдарын шығарушылар өз өнімдері туралы ақпартты емін-еркін жариялай алса, тиісінше құрылыс компаниялары тауарға делдалсыз тиімді бағамен қол жеткізе алады.

///

Топтаманы Олимпиада ойындарының жаңалықтарымен жалғастырайық...

Бокстан Қазақстан командасының өкілі СӘКЕН БИБОСЫНОВ ТОКИО ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЖАРТЫЛАЙ ФИНАЛЫНА ШЫҚТЫ деп жазады Olympic.kz. Жартылай финалда Сәкен испаниялық Габриэль Эскобармен кездескен еді. Тартысты өткен жекпе-жекте қазақстандық боксшы 3:2 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, Сәкен Олимпиада ойындарының жартылай финалына шығып отыр. Бибосынов финал жолдамасы үшін таласта британдық Джамаль Яфаимен жұдырықтасады.

Сондай-ақ бүгін Бокстан 63 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Закир Сафиуллин ширек финалда ұтылып қалды. Токио Олимпиадасында қазақстандық Милад Карими спорттық гимнастикадан кермеде жаттығу жасауда жүлдегерлер қатарынан көріне алған жоқ. Әзірге Токио Олимпиадасында қазақстандық спортшылар үш қола медаль алды. Ол дзюдошы Елдос Сметов , ауыр атлеттер Игорь Сон мен Зүльфия Чиншанло.

Әр Олипиададан кейін спортшылардың дайындығы жайлы кеңейтілген отырыс өтеді. Одан кейін қандай да бір шешім шығарылады. Бұл туралы «Токио Олимпиадасындағы грек-рим күресі" туралы өткен брифингте Мәдениет және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев айтты.

///

Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасы үшін Токио Олимпиадасы сәтсіз аяқталды.

///

Енді валюта бағамы туралы мәліметпен таныс болыңыздар

Қазақстан Қор Биржасының мәліметі бойынша

1 АҚШ ДОЛЛАРЫ : 423 теңге 76 тиын

ЕУРО : 504 теңге 55 тиын

РЕСЕЙ РУБЛІ: 5 теңге 80 тиын