Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

ЕРКІН КҮРЕСТЕН НҰРИСЛАМ САНАЕВ ОЛИМПИАДАНЫҢ ЖАРТЫЛАЙ ФИНАЛЫНА ШЫҚТЫ

ЕРКІН КҮРЕСТЕН НҰРИСЛАМ САНАЕВ ОЛИМПИАДАНЫҢ ЖАРТЫЛАЙ ФИНАЛЫНА ШЫҚТЫ

Қазақстандық балуан Нұрислам Санаев Токио Олимпиадасының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Olympic.kz.

Еркін күрестен 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен қазақстандық Нұрсилам Санаев ширек финалда қарсыласын ұтты. Ширек финалда ол әлем чемпионы, Азия ойындарының жүлдегері жапониялық Юки Такахашимен белдесті. Белдесу 6:4 есебімен аяқталып, Нұрислам Санаев келесі айналымға жолдама алды.

Жартылай финалдық бәсекелер Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 15:00-де басталады.