Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қала әкімдігі «Ashyq көшбасшыларының» тізімін жариялады

Қала әкімдігі «Ashyq көшбасшыларының» тізімін жариялады

Қазақстанда коронавирусқа қатысты 3 тамыз 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша ПТР арқылы 7 519 адамның коронавируспен ауырғаны расталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Өткен тәулікте республика бойынша 3 554 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Түркістан облысы «жасыл» аймаққа өтті, қалған өңірдің барлығы «қызыл» аймақта.

///

Павлодар полициясы қолдан жасалған вакцина паспортын сатып алған адамдарды іздеп жатыр, деп хабарлайды Polisia.kz. Тәртіп сақшылары мамыр айында қаладағы емханалардың бірінде төрт медицина қызметкері вакцинация паспорттарын қолдан жасағанын анықтаған. Олар электронды деректер базасына жалған мәлімет енгізіп, паспорттарды үшінші тұлғаларға сатқан. Барлығы 200-ден астам жалған вакцина паспорты тәркіленген. Бұл фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 385-бабы 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Бұл бапта төрт жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Полицейлер барлық жедел тергеу шараларын жүргізген. Дәрігерлердің хат алмасып, ақша аударылған ұялы телефондары тәркіленген. Сонымен қатар медицина қызметкерлерінің жұмыс орнында тінту жүргізілген. «Павлодар облысының полиция департаменті жалған вакцина паспорттарын сатып алып, пайдаланып жүрген адамдарды анықтап жатыр. Оларға қатысты тиісті тергеу амалдары жүргізіледі және 385-баптың 3-тармағы бойынша жалған құжатты қолданғаны үшін қылмыстық жауапқа тарту туралы мәселе қаралады», – деді өңірдің полиция департаментінің басшысы Нұрлан Мәсімов. Бұл баптың санкциясы – ірі мөлшерде айыппұл, 160 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту не 40 тәулікке дейін қамауға алу.

///

Жаңа оқу жылында оқушыларға мектеп формасын кию міндет емес. Сабаққа классикалық үлгідегі киімдермен де баруға рұқсат берілді. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өзінің Facebook парақшасында жазды. Жаңашылдық уақытша ғана. Бұл ретте ең алдымен елдегі эпилемиологиялық жағдай ескеріліп отыр дейді ведомство басшысы. «Дүкендер белгілі бір уақытта, кейбір қалаларда жұмыс күндері ғана істейді. Ата-аналар мектеп формасын сатып алу үшін сауда үйлеріне жаппай баратын болса, вирус жұқтыру қауіпін тудыруы мүмкін. Сонымен қатар, уақытша қиындықтарға байланысты отбасылық бюджетке қосымша жүктеме болады». Сондай-ақ, әлеуметтік желілерде жарияланған «оқушылар І-тоқсанда қашықтан білім алады» деген ақпарат жалған. Министрлік желіде тараған ақпаратты жоққа шығарды. Оқу форматы туралы шешімді коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия, елдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері және өңірлердің бас санитарлық дәрігерлері қабылдайды.

///

Қала әкімдігі «Ashyq көшбасшыларының» тізімін жариялады. Екі апталық статус ұйымдар үшін қосымша жеңілдік береді. Айта өтейік, «Ashyq көшбасшысы» статусы берілетін тізімді әкімдік жасақтайды. Олар жобаға қатысатын нысандарда (2 апталықкезеңде) QR код (check-in) арқылы келушілерді тіркеу саны бойынша мәліметтерге сәйкес іріктеледі. «Ashyq көшбасшысы» мәртебесін алған жобаға қатысушы «қызыл» аймақта «сары» аймақтың, «сары» аймақта «жасыл» аймақтың шарттары бойынша жұмыс істей алады, «жасыл» және «қою қызыл» аймақтардағы жобаға қатысушылардың жұмыс режимі қосымша 2 сағатқа ұзартылады, сондай-ақ нысанның толтырылуы 10%-ға артады. Егерде медициналық қарсы көрсетілімі бар және соңғы 3 ай көлемінде ауырып, жазылған адамдарды қоспағанда қызметкерлердің кемінде 90%-ы вакцинаның бірінші компонентін алса, нысанның толтырылуы 20%-ға артады. Бүгінгі таңда Ashyq жобасына 10 мыңға жуық кәсіпкерлік субъектісі кірген. Жобаға қатысушылар барлық санитарлық нормаларды сақтауы тиіс. Егерде кемшілік анықталса олар тізімнен шығарылады.

///

Токиода байдарка мен каноэде есуден жарыстар жалғасып жатыр. Әйелдер арасында байдаркада есуден 500 м қашыққа Қазақстан сапынан Наталья Сергеева қатысты. Іріктеу кезеңінің нәтижесі бойынша ол тиісті қашықты 2:01.374 уақытта бағындырып, жетінші орын иеленді. Мұндай көрсеткіш отандасымыздың ширек финалда сынға түсуіне мүмкіндік береді.