Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Түрік өрт сөндірушілері соңғы аптада елдегі орман өртінің басым бөлігін бақылауға алды

Түрік өрт сөндірушілері соңғы аптада елдегі орман өртінің басым бөлігін бақылауға алды

Түрік өрт сөндірушілері соңғы аптада елдегі орман өртінің басым бөлігін бақылауға алды, деп хабарлайды Анадолы ақпарат агенттігі. Бұл туралы сейсенбі күні өткен брифингте Түркияның ауыл және орман шаруашылығы министрі Бекир Пакдемирли мәлім етті. «28 шілде мен 3 тамыз аралығында елдің 38 провинциясында болған 163 өрттің 152-сі сөндірілді», - деді ведомство басшысы. Министр табиғи апатпен күрес жолында 16 ұшақ, 9 ұшқышсыз басқарылатын ұшу аппараты, 51 тікұшақ, бір ұшқышсыз басқарылатын тікұшақ, 805 автоцистерна, 155 экскаватор және 5200 арнайы қызметкер жұмылдырылғанын мәлім етті. Пакдемирли орман өртін сөндіруге тартылған амфибия-ұшақтардың саны 3-тен 6-ға дейін, ал тікұшақ саны – 45-тен 57-ге дейін өскенін қосып өтті. Оның айтуынша, өртті сөндіруге барлығы 72 ұшу аппараты тартылған.

///

Алматыда қойма өртеніп жатыр, деп хабарлады ҚазАқпарат. Өрттің видеосы әлеуметтік желіде тараған. Алматының ТЖД-нің баспасөз қызметінде 4 тамыз күні сағат 09:39-да өрт сөндіру тобы шақырудың жоғары деңгейі бойынша Немирович-Данченко 21 мекенжайы бойынша Алатау ауданындағы өрт туралы хабарға шықты. «Өрт сөндірушілер келген кезде ангар тәрізді қойма жанып жатты, өрттің көрші қоймаларға өту қаупі туды. Дереу өрт оқпандары енгізілді, гидранттарға автоцистерналар орнатылды. Өрт орнында штаб құрылды, шығыс және оңтүстік жақтардан екі әскери учаске жасақталды», - деп мәлімдеді ТЖД.

///

Қостанай облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бұған дейін бастаған сот алдындағы тергеу амалдары бойынша Қостанай облысы полиция департаменті бөлімшесінің бастығын ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ол «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес АҚ сенімді өкілдерімен бірлесіп, жол ережелерінің теориялық емтиханын іс жүзінде тапсырмаған, сондай-ақ бұрын көлікті алкоголь ішіп, мас күйінде жүргізгені үшін көлік жүргізу құқығынан айырылған тұлғаларға жүргізуші куәлігі мен олардың телнұсқаларын беру үшін талай рет пара алған деген күдікке ілінді. Тергеу амалдары жалғасуда», - деп түсіндіріп өтті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінен. Күдікті азаматқа қатысты соңғы шешімді сот қабылдайды.

///

Бүгін Токиодағы Олимпиада ойындарында қазақстандықтар төрт спорт түрі бойынша жарысады. Осы уақытқа дейін Наталья Сергеева байдарка есуден Олимпиаданың ширек финалына шықты. Енді сағат 12:18-де бокс жартылай финал +91 келіде Қамшыбек Коңқабаев – АҚШ былғары қолғап шебері Ричард Торреспен жұдырықтасады. Сағат 12:30-да велотректе Сергей Пономарев жарыс жолына шығады. Тағы бір жағымды жаңалық. Қазақстандық балуан Нұрислам Санаев Токио Олимпиадасының жартылай финалына шықты. Еркін күрестен 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен қазақстандық Нұрсилам Санаев ширек финалда қарсыласын ұтты.

///

Ширек финалда ол әлем чемпионы, Азия ойындарының жүлдегері жапониялық Юки Такахашимен белдесті. Белдесу 6:4 есебімен аяқталып, Нұрислам Санаев келесі айналымға жолдама алды. Жартылай финалдық бәсекелер Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 15:00-де басталады. Нұрислам Санаев алғашқы кездесуін Гвинея-Бисау елінің өкілі Иуна Фафе Диамантиноға қарсы өткізді. Тартысты кездесу 7:0 есебімен отандасымыз Нұрислам Санаевтың еншісіне шешілді. Әзірге Қазақстанның қанжығасында бұрынғыша үш медаль бар. Барлығы да «қола». Оларды дзюдошы Елдос Сметов, ауыр атлеттер - Игорь Сон мен Зульфия Чиншанло жеңіп алды. Ойындардың 11-інші жарыс күнінен кейін Қазақстан медальдар саны бойынша 75-ші орында тұр. Қытай (32-21-16) көш алдында, екінші орында – АҚШ (24-27-21), үшінші орында – Жапония (19-6-11).