Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

2009 жыл – Дағдарыстан жаңару мен дамуға

2009 жыл – Дағдарыстан жаңару мен дамуға

2009 жыл. Бұл – тәуелсіз Қазақстанның тарихында алтын әріптермен жазылатын кезеңдердің бірі. Себебі дәл осы жылы әлемді жайлаған қаржылық дағдарыстың салқыны сәйіліп, ұлттық экономикада жаңаша бетбұрыс пайда болды. Халықтың әл ауқатын жақсарту мақсатында Мемлекет, еліміздегі екінші деңгейлі банктерге қолдау көрсетті. Сондай-ақ дағдарысқа қарсы жаппай жұмыссыздықты болдырмау мақсатындағы «Жол картасы» бағдарламасы 2009 жылы өзінің тиімділігін көрсетті. Ресми деректерге сәйкес, «Жол картасын» жүзеге асыруға сол жылы республикалық және жергілікті бюджеттен 191,5 млрд. теңге бөлінген.

Ия, тәуелсіздіктің 18-і жылы барлық салада дерлік ауыз толтырып айтарлықтай нәтижелер еңсеріле бастады. Мәселен сол кезеңде Қазақстан дағдарысқа қарсы бағдарлама аясында экономиканы сауықтыруға бас-аяғы 14 млрд. АҚШ долларын жұмсаған. Соған қарамастан, еліміздің алтын-валюта қоры ортайған жоқ, бұл - 2008 жылдың соңында 48 млрд. АҚШ долларын құраса, 2009 жылдың соңына қарай 52 млрд АҚШ долларына жеткен. Яғни, жұмсалған шығындарға қарамастан, Ұлттық қордың қаржысы қайта толығып қана қойған жоқ, керісінше өсе түсті. Осының өзі мемлекеттің экономикалық саясатының тиімділігін білдірсе керек

2009 жылы ел дамуындағы айтулы оқиғалардың бірі «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік дәлізі құрылысының басталуы еді. Жалпы ұзындығы 8445 шақырымды құрайтын тас жолдың 2787 шақырымы Қазақстанға тиесілі. Бүгінде ел экономикасының күре тамыры саналатын автожол еліміздің бес облысын қамтиды. Рас, бұл сол кезеңде халықтың әл ауқатын көтеріп, барыс келіс пен алыс берісті біршама жақындатты. Жол құрылысына мыңдаған адам тартылып, жұмыссыздық деңгейі төмендеді.

2009 жылдың айтулы оқиғаларына тоқталғанда Тәуелсіздіктен бергі жүзеге асқан екінші жалпыұлттық халық санағын айтпау мүмкін емес. Осы жылғы санақтың ресми дерегі бойынша Қазақстандағы мемлекет құраушы ұлттың саны тұңғыш рет 63 пайыздан асты. Егемендік алған жылы небәрі 42 пайызды құрайтын қазақ ұлты үшін бұдан асқан бақыт жоқ еді. Осы санақтан кейін мемлекеттік саясатта да біршама өзгерістр мен әлеуметтік-экономикалық жаңғыртулар орын алды. 

Тәуелсіздіктің 18-ші экономикалық даму мен қатар құрылыс индустриясы да жандана түсті. Дәл сол жылы елордамыз Нұр-Сұлтан қаласында Астана-арена стадионы пайдалануға берілді. Бұл, төбесі ашылып-жабылатын әлемдегі 6 стадионның қатарына кіреді. 30 мың адамдық орны бар кешен бүгінде әлемдік деңгейдегі жарыстарды қабылдайтын алып футбол алаңына айналды.

2009 жылы 15 желтоқсанда Тәуелсіздіктің 18 жылдығына орай салтанатты жиын өтті. Дәл сол жиында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Енді, міне, 18 жыл бойына күн сайын, сағат сайын біз жаңа Қазақстанды - арманымыз бен үмітіміздегі мемлекетті жасай отырып, өз жоспарларымызды жүзеге асырып келеміз. Біз Қазақстанның мемлекеттілігін нығайттық, халық бірлігін сақтап қалдық, қарыштап жаңғырту стратегиясын іске асырдық, қазіргі заманғы нарықтық экономиканы жасадық. Біз көпвекторлы сыртқы саясаттың негізін қаладық, ықпалдасуды - осы сөздің ең кең мағынасында - мемлекет басымдықтарының бірі ретінде жария еттік. Тәуелсіздігіміздің жетістіктерінің ең бастысы - Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуі болды. Бұл - біздің ортақ еңбегімізге берілген тағы бір аса жоғары баға деген болатын. еліміздің іргесі берік, тәуелсіздігі баянды болғай.