Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Нұр-Сұлтан «қою қызыл» аймақтан шықты

Нұр-Сұлтан «қою қызыл» аймақтан шықты

Нұр-Сұлтан «қою қызыл» аймақтан шықты, дегенмен жағдай әлі де күрделі. Елордадағы эпидемиологиялық жағдайды баяндаған қаланың бас санитар дәрігері Сархат Бейсенова осылай деді. Оның айтуынша, бес ай бойы қала «қызыл» аймақта тұр, соңғы 13 күнде инфекциялық стационарлар жүктемесі 70%-дан асып және 100 мың тұрғынға шаққанда төсек-орынның толу көрсеткіші 200-ден жоғары болғандықтан Нұр-Сұлтан «қою қызыл аймақта» болды. Кешеден бері инфекциялық стационарлар жүктемесі 69%-ға түсіп, елорда тағы да «қызыл аймаққа» ауысты,-дейді Сархат Бейсенова.

///

Ақтөбе облысында карантин шектеуі тағы күшейтілді. Оған сәйкес, банкет залдары, облысаралық және қалалық тұрақты емес тасымалдардың қозғалысына, марафондарға тыйым салынады. Бұл нысандар «Ashyq» жобасына қатысса да, жұмыс істей алмайды. Сонымен бірге базарлар жұмыс күндері сағат 16:00-ге дейін ашық. Ал Ashyq жобасын енгізгендер 17:00-ге дейін жұмыс істей алады. Банктер, ХҚКО, «Қазпочта» АҚ бөлімшелеріне сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат. «Ashyq» жобасына сәйкес ХҚКО-лар сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істей алады. Қоғамдық тамақтану объектілері жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18.00-ге дейін, «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерге жұмыс күндері сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат етіледі.

///

Қызылорда облысында вакциналау науқаны қарқын алып келеді. Бүгінге дейін облыста екпенің 1 компонентімен егілгендер саны 225 110 адам, яғни халықтың қамтылуы 55,8 пайызға жетті. Ал 2 компонентін алғандар - 160 557 адам. Бұл халықтың 39,2 пайызына тең. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жангелді Шайымбетовтің мәліметінше, өңірге отандық «QazVac» вакцинасының 4 мың дозасы жеткізіліп, қала, аудан емханаларына бөлінді. Осы уақытқа дейін екпе алғандар арасында 130 адам короновируспен ауырған. Толық 2 компонентті алғандардың ішінде 22 жағдай тіркелді,-дейді маман.

///

Атырауда көпқабатты үйде лифт құлап, бір адам мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оқыс оқиға бүгін таңертең болған. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, «Ардагер» тұрғын үй кешенінде лифт кабинасы 15-қабаттан құлаған. «Сол кезде «Лифт Инвест» ЖШС-ның екі қызметкері лифтіде жөндеу жүргізіп жатқаны анықталды. Оның бірі – 40 жастағы ер адам оқиға орнында көз жұмды. Ал, екіншісі – 1987 жылғы жігіт ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Қазір Атырау облыстық полиция департаменті тергеуге дейінгі тексеріс жүргізіп жатыр.

///

Токио Олимпиадасында еркін күрестен қазақстандық Нұрислам Санаев (57 келі) жартылай финалда кіммен кездесетіні белгілі болды. Қазақстандық балуан бүгін жартылай финалда үндістандық Рави Кумармен белдесуге шығады. Бұл жекпе –жек қазір бірер минуттардан кейін басталады. Ал финал мен 3-орын үшін сайыс ертеңге белгіленген. Тағы да естеріңізге салайық, бүгін Токио Олимпиадасында Қазақстан төртінші медальді жеңіп алды. Ел қоржынына қола жүлдені аса ауыр салмақтағы боксшымыз Қамшыбек Қоңқабаев салды. Осылайша, Қазақстан 4 қола медальмен 75- орынға тұрақтады.