Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Мемлекет басшысы өңірлік деңгейдегі судьялар арасында ауыс-түйіс жасады

Мемлекет басшысы өңірлік деңгейдегі судьялар арасында ауыс-түйіс жасады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасы соттарының төрағаларын, сот алқаларының төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Жарлық бойынша Петропавл қалалық сотының судьясы болған Ербар Қалелұлы Қалиев Солтүстік Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасына төраға болып тағайындалды.

Сондай-ақ, Нұрлан Зұлпыхарұлы Биболов Шымкент қаласы сотының судьясы қызметінен бостылып, Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасына төраға болып бекітілді.

Президент жарлығындағы кадрлық ауыс-түйіс барлық облыстардың сот алқасын қамтыды деуге болады. Құжатты толық мәтінн мына жерден көруге болады.