Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Елдегі ауруханалардың жартысынан астамында орын жоқ

Елдегі ауруханалардың жартысынан астамында орын жоқ

Пандемия бастағалы елімізде індеттен қайтыс болғандар саны 10 мыңнан асты. Ал, кеше бір күннің өзінде 149 науқас көз жұмған. Жалпы Қазақтандағы эпиджағдай өте күрделі. Қазір Түркістан облысы ғана «жасыл» аймақта. Қалған облыстар «қызылдан» шыға алмай тұр. Күн сайын вирус жұқтырғандар артып жатыр. Кеше тағы 7 519 адам ауруға шалдықты. Ал, вирустық белгілері бар пневмонияны 471 адам жұқтырған. Инфекцияға қарсы вакцинаның 1-ші компонентін алғандар 5 млн 530 мыңнан асты. Вакциналаудың толық курсынан өткендер саны 4 млн 85 мыңға жуықтады.

///

Елдегі ауруханалардың жартысынан астамында орын жоқ. Медицина ғылымдарының магистрі, стационарлық және стационарды алмастыратын көмек басқармасының басшысы Айма Сағындықованың мәліметінше, елімізде 52 803 инфекциялық төсек орны ашылды. Республика бойынша жүктелім 56%-ға жеткен. Қазір жалпы саны 4795 реанимациялық орынның 46%-да науқастар жатыр. Инфекциялық орындардың толымдылығы Шымкент, Нұр-Сұлтан қаласында, Қызылорда және Қостанай облыстарында тіркеліп отыр. Реанимациялық төсектердің жүктелімі Нұр-Сұлтан қаласында, Маңғыстау және Атырау облыстарында байқалады», - деді Айма Сағындықова. Оның айтуынша, елімізде эпидемиологиялық ахуал күрделенген жағдайда қосымша 12 мың инфекциялық орын және жоспарлы медициналық көмекті тоқтатпай 550 реанимациялық төсек орналастыруға мүмкіндік бар.

 ///

Нұр-Сұлтан «қою қызыл» аймақтан шықты, дегенмен жағдай әлі де күрделі. Елордадағы эпидемиологиялық жағдайды баяндаған қаланың бас санитар дәрігері Сархат Бейсенова осылай деді. Сондықтан маман қала тұрғындарын коронавирустың алдын алу шараларын сақтауға шақырды.

///

«Өкінішке қарай, халық қауіпсіздік шараларын тиісті деңгейде сақтай бермейді. Ескерту мен жазалау шараларына қарамастан, кейбір елордалық мекемелер санитарлық нормалар мен карантин талаптарын ескермейді. Биылғы 20 мамырдан бастап мониторинг топтары 7215 нысанды тексерді, 251-інде карантин режимін бұзу фактілері анықталды, оның ішінде қоғамдық тамақтану нысандары көп. Ashyq жобасына қатысушы нысандарда соңғы бір айға жуық уақытта үй карантинін бұзған 4800-ден астам адам «қызыл» мәртебемен кіруге тырысқан. Сархат Бейсенованың айтуынша, кешеден бері инфекциялық стационарлар жүктемесі 69%-ға түсті.

///

Вакцинадан кейін науқастану қаупі сақталады. Себебі халық арасында індеттің айналымы өте белсенді. Алайда вакцина алған адамдар жеңіл түрде ауырады. ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми- практикалық орталығы» филиалы директорының орынбасары Манар Смағұлдың айтуынша, 7600-ден астам адам екпе алғаннан кейін вирусты қайта жұқтырған.

///

Солтүстік Қазақстан облысында бүгіннен бастап карантиндік шектеулер күшейтілді, Аshyq-қа қосылмаған көптеген нысан сенбі-жексенбі жұмыс істей алмайды. Олардың қатарында сауда орталықтары мен сауда үйлері, жабық азық-түліктік емес базарлар, сауна, СПА орталықтар, бассейндер, спорт кешендері, спорт-сауықтыру, фитнес-орталықтары бар. Сонымен қатар, Аshyq қосымшасын енгізбеген мәдениет нысандарының, театрлардың, кинотеатрлар мен концерт залдарының, филармонияның жұмысы тоқтатылады. Жобаға қосылмаған спорт нысандары көрерменнің қатысуымен спорттық іс-шараларды өткізе алмайды. 

////

Тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау басталды. Өтінім қабылдау 6 тамызға дейін жалғасады. Оған тіркелу Ұлттық тестілеу ортағының сайтында жүргізіледі. Тамыздағы сынақ шекті балл жинай алмаған талапкерлердің тестілеуден қайта өтіп, ЖОО-ға ақылы негізде түсу мүмкіндігі болуы үшін өткізіледі. Айта кетейік, осы тестілеуге биылғы және өткен жылдардың мектеп түлектері, колледж түлектері мен шетелдегі мектептерде білім алғандар қатысады. Бұл сынақ электронды форматта 10-13 тамыз аралығында өтеді.  

/////

Енді Олимпиада ойындарының бүгінгі күнін қорытындылайық. Бүгін біздің қоржынға төртінші медаль түсті. Қола жүлдені бокстан ел құрамасының капитаны, аса ауыр салмақтағы боксшымыз Қамшыбек Қоңқабаев салды. Жекпе-жек үшінші раундта отандасымыздың жарақаттануына байланысты тоқтатылып, жеңіс АҚШ өкілі Ричард Торреске берілді. Нәтижесінде, Қамшыбек Қоңқабаев Токиодағы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды.  

Сонымен қатар, еркін күрестен балуанымыз Нұрислам Санаев жартылай финалдан сүрінді. Нұрислам ертең қола жұлде үшін таласатын болады.  

///

Біреулік-каноэде әйелдер арасында 200 м қашықтық бойынша ширек финалда өнер көрсеткен Маргарита Торлопова жартылай финалға өте алмады.  

Әйелдер арасында байдаркада есуден 500 метрлікте жекелей сында Наталья Сергеева ширек финалға жеткен еді. Бірақ ширек финалда алтыншы орынды місе тұтып, жартылай финалдан шет қалды.

Велотректен ерлер арасындағы спринттен біліктілік деңгейінің іріктеу сатысында Сергей Пономарев 30 спортшының ішінен 29-шы болып келіп, іріктеуден өте алмады.

Осылайша, Қазақстан 4 қола медальмен 75 орынға тұрақтады. Үздік үштікте Қытай, АҚШ, Жапония спортшылары тұр.