Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Мемлекет басшысы Алматы қаласы әкімінің есебін тыңдады

Мемлекет басшысы Алматы қаласы әкімінің есебін тыңдады

Мемлекет басшысы Алматы қаласы әкімінің есебін тыңдады. Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевпен шаһардағы коронавирус індетінің таралуына қарсы атқарылып жатқан шаралар мен қаланың инфрақұрылымын дамыту мәселелерін телефон арқылы талқылады. Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, «дельта» штамының таралуына байланысты Алматы қаласындағы эпидемиологиялық жағдай күрделі. Өткен аптада індет жұқтыру 1,4 есе көбейіп, 7 936-дан 10 805-ке жеткен. Науқастар санының көбейуіне байланысты қосымша жұқпалы аурулар ауруханалары ашылып жатыр. Қазір 7625 науқас ем қабылдап жатыр. Қаланың дәріхана желісін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мақсатында 5 миллиард теңге көлемінде тұрақтандыру қоры құрылды. Тұрғындарға жаппай екпе салынып жатыр. Қалада 167 вакцина салу пункті жұмыс істеп тұр.

///

Қазақстанда өткен тәулікте 7 792 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды. Ал 7276 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Ел бойынша 499 965 қауіпті індеттен жазылған.

///

Елорданың бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова қала немесе өңірдің қандай жағдайда «қою қызыл» аймаққа өтетінін түсіндірді. «ҚР аумағында коронавирус инфекциясының пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының 29 шілдедегі хаттамасы негізінде ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысы шығарылды. Онда шектеулерді қабылдау критерийлері анықталды және «қою қызыл» аймақ анықтамасы пайда болды», - деді Сархат Бейсенова. Ол коронавирусқа қатысты аталған жаңа мәртебені анықтау механизмі туралы айтып берді. Инфекциялық төсек-орынның толуы 70 пайыздан асқанда және 100 мың тұрғынға шаққанда 200 төсек-орын толған жағдайда / аймақ - «Қою қызыл» аймақ» саналады. Осыған байланысты, «Нұр-Сұлтан қаласында шектеу және карантин шараларын қатаңдату туралы» қаулы қабылданып, әлеуметтік-экономикалық нысандардың жұмыс режиміне тиісті өзгерістер енгізілді», - деп түсіндірді Сархат Бейсенова.

///

Солтүстік Қазақстан облысында Ashyq қосымшасы арқылы «қызыл» және «сары» мәртебемен қоғамдық орындарда жүрген 172 адам анықталды. Енді оларға айыппұл салынбақ. СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Татьяна Горлованың айтуынша, өңірде Ashyq жүйесі жақсы жұмыс істеп тұр. «Қызыл» мәртебесі бар адамдар – олар ауырғандар. Мұндай тұрғындар вирусты таратпай үйде отырып, ем алулары қажет. Ал «сары» мәртебесі барлар – байланыста болғандар, олар вакцинациялау курсынан өтпеген жағдайда 14 күнге үй карантиніне отырғызылады. Алайда олардың кейбірі жағдайына қарамастан үйреншікті тұрмыс салтын өзгерткісі келмейді. Басқаларға қауіп төндірсе де қоғамдық орындарға барады. Карантин режимін бұзғандар жауапкершілікке тартылады», - дейді Татьяна Горлова.

///

Токио Олимпиадасында ашық суда жүзуден ерлер арасында 10 шақырым қашықтық бойынша финал аяқталды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Аталған санат бойынша Қазақстан сапынан Виталий Худяков қатысты. Нәтижесінде ол 21–ші орынға жайғасты. Жарыс қорытындысы бойынша германиялық спортшы жеңімпаз атанды. Венгриялық екінші болса, Италия өкілі үздік үштікті қорытындылады.

///

Енді валюта бағамы туралы мәліметпен таныс болыңыздар

Қазақстан Қор Биржасының мәліметі бойынша

1 АҚШ ДОЛЛАРЫ : 424 теңге 3 тиын

ЕУРО : 504 теңге 55 тиын

РЕСЕЙ РУБЛІ: 5 теңге 82 тиын