Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Шымкентте бірнеше рет карантин талаптарын бұзған 19 нысанның жұмысы тоқтатылды

Шымкентте бірнеше рет карантин талаптарын бұзған 19 нысанның жұмысы тоқтатылды

Елде коронавирус инфекциясына шалдыққан 202 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Бүгін шыққан ақпарат бойынша, 107 600 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 29 623 пациент стационарда, 77 977 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жүр. 1 832 адамның жағдайы ауыр, 417 пациент нашар жатыр, 202 науқас ӨЖЖ аппаратына қосылған. 3 тамыз күні елде 125 адам - коронавирустан, 33 адам - пневмониядан қайтыс болған.

///

Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері 906 бала COVID-19 жұқтырды. СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Татьяна Горлованың айтуынша, өткен аптада 14 жасқа дейінгі 107 бала ауырған. «Коронавирустың «дельта» штамы, әсіресе жастар үшін қауіпті. Бұрын негізінен зейнет жасындағы адамдар жұқтыратын. Енді ауырғандардың 33 %-ы – жұмыс істейтіндер, 30 %-дан астамы – 30-39 жас аралығындағылар, 15 %-ы – балалар», - дейді Татьяна Горлова.

///

Шымкентте бірнеше рет карантин талаптарын бұзған 19 нысанның жұмысы тоқтатылды. Қазіргі таңда Шымкент қаласында коронавирус індеті кең таралуына қарамастан, ойын-сауық орындарымен тойханалар карантинді бұзып, қызметін жасырын жалғастырып отыр. Осыған байланысты мобильді топтардың жұмысы күшейтіліп, қазіргі уақытта қала аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізетін 40 мобильді топ жұмыс жасап жатыр.

///

Еурокомиссия сынақтан өтіп жатқан COVID-19-ға қарсы жаңа - «Novavax» вакцинасын жеткізу туралы келісімшартқа қол қойды. Бұл – Еурокомиссия коронавирус инфекциясына қарсы вакцина өндірушілермен жасасқан 7-інші келісім. Аталған келісімшартқа сәйкес, ЕО-ға мүше мемлекеттер бастапқыда «Novavax» вакцинасының 100 млн дозасына дейін сатып ала алады. 2021-2023 жылдар ішінде осы препаратты Еуропалық дәрілік заттар жөніндегі агенттік «қауіпсіз және тиімді» вакцина ретінде қарастырып, бекіткеннен кейін тағы 100 млн дозаға қосымша тапсырыс берілуі мүмкін. Американың «Novavax» компаниясы әзірлеген COVID-19-ға қарсы вакцина АҚШ пен Мексикадағы ауқымды сынақтар кезінде осы вирусқа қарсы, оның ішінде оның әртүрлі мутацияларына қарсы 90% тиімділікті көрсеткен.

///

Жыл басынан бастап Павлодар облысында полицейлер жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері бар көлік құралын басқарғаны үшін 58 жүргізушіні жауапкершілікке тартты. Аталған бұзушылық бойынша 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады немесе заңды бұзғандар бір жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылады. Бұл туралы Павлодар облысы Полиция департаменті Баспасөз-қызметінің қызметкері Алма Мұсабекова айтып береді.

///

Топтаманы Олимпиада ойындарының жаңалықтарымен жалғастырайық...

Токио Олимпиадасында каратэ спортынан жекпе-жектер өтіп жатыр. Олимпиада бағдарламасына алғаш енгізілген спорт түрінен тұңғыш жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады. Бүгін 67 келіге дейінгі салмақта Қазақстан командасының үздігі Дархан Асаділов бағын сынауда. Дархан өз тобындағы алғашқы жекпе-жекте түркиялық Эрай Самданмен кездесіп, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Ал екінші жекпе-жегінде әзірбайжандық Фирдовси Фарзалиевпен кездесіп, тағы да 6:2 есебімен басым түсті. Әзірге, Дархан Асаділов өз тобында 4 ұпай жинап, көш басында келеді. Еске салсақ, қазірге дейін қазақстандық спортшылар төрт қола медаль алды. Олардың қатарында дзюдошы Елдос Сметов, ауыр атлеттер Зульфия Чиншанло мен Игорь Сон, боксшы Қамшыбек Қоңқабаев бар.

///

Енді валюта бағамы туралы мәліметпен таныс болыңыздар

Қазақстан Қор Биржасының мәліметі бойынша

1 АҚШ ДОЛЛАРЫ : 424 теңге 94 тиын

ЕУРО : 504 теңге 55 тиын

РЕСЕЙ РУБЛІ: 5 теңге 82 тиын