Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

СӘКЕН БИБОСЫНОВ ТОКИО ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

СӘКЕН БИБОСЫНОВ ТОКИО ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

Токио Олимпиадасында бокстан 52 келі салмақтағы жартылай финалдық жекпе-жектер аяқталды. Өкінішке қарай, қазақстандық Сәкен Бибосынов төрешілер шешімімен қарсыласына жол берді деп жазады Olympic.kz.

Кездесудің бірінші раундында Сәкен нокдаун алып, британдық Джалал Яфаи айқын басымдықпен алға шықты.

Екінші раундта бес төрешінің үшеуі ғана Бибосыновтың басымдығын мойындаған. Шешуші үшінші раунд қорытындысы бойынша 3:2 есебімен ұлыбританиялық Джалал Яфаи жеңіске жетті.

Осылайша, Сәкен Бибосынов Токио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды. Өкінішке қарай, қазақстандық боксшылар еншісінде алғаш рет Олимпиада алтыны жоқ.