Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қазақстандықтар енді жәрдемақы мен әлеуметтік төлемдерді жаңа түрде алады

Қазақстандықтар енді жәрдемақы мен әлеуметтік төлемдерді жаңа түрде алады

Елімізде коронавирус инфекциясына шалдыққан 202 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр. Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, 107 600 адам коронавирус инфекциясынан (–104 377 + және 3 223 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 29 623 пациент стационарда, 77 977 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жүр. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 1 832 адамның жағдайы ауыр, 417 пациенттің жағдайы өте ауыр.

///

Қазақстандықтар енді жәрдемақы мен әлеуметтік төлемдерді жаңа түрде алады. Ол үшін әлеуметтік әмиян жасалады. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігі хабарлады. Әлеуметтік әмиян осы жылдың аяғында енгізіледі. Ал келер жылдан бастап жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді электрондық ақша түрінде кезең-кезеңімен аудару жоспарлануда. Сондай-ақ министрлік жоба аясында Ұлттық банктің электронды ақшасы арнайы әмияндарға жіберілетінін хабарлады. Бұл әмиянның өзі қазақстандықтың ЖСН базасында құрылады. Ол шоттағы қаражат банктер, коллекторлар, салық органдары тарапынан өндіріп алудан қорғалады. Электронды ақшаны алушыға әлеуметтік кабинет әзірленеді. Оған қашықтықтан тіркелуге мүмкіндік беріледі. Бірақ азаматтарда таңдау мүмкіндігі сақталатынын ескеру керек. Мемлекеттік көмекті әмиянға электрондық ақшамен ала ма, әлде банк картасымен алама өз еркі.

///

Коронавирусқа қарсы вакцинаның екі дозасын қабылдаған азамат Франциядан Британияға барса 10 күндік карантинде отырмайтын болды. Біріккен Корольдіктің қабылдаған бұл шешімі тамыздың 8-інен бастап заңды күшіне енеді. Осылайша Францияның басым бөлігі енді «сарғыл түсті» елдердің тізіміне енді. Тек Реюньон аралы әзірге «қызыл аймақта» қала бермек. Бұған өңірдегі эпидемиологиялық ахуал себеп. Ал «жасыл түсті» аймаққа Аустрия, Германия, Словения, Словакия, Латвия, Румыния мен Норвегия елдері енетін болды. Бұл мемлекеттерден келген туристер вакцинаның екі дозасының бар жоғына қарамастан Англияға карантинсіз қатынай алады.

///

Қытайда 9 сыныптық білім беретін жеке меншік мектептер мемлекет иелігіне өтеді. Білім министрлігі жаңа ережелерді жариялады. Ережеге сәйкес, толығымен дербес оқу орындарын жеке меншік ұйымдар немесе тұлғалар басқара алады. Сонымен қатар үкімет мемлекеттік мекемелер мен жеке меншік капиталы арасындағы серіктестік негізінде жаңа мектептер ашуға тыйым салды. Ал жұмыс істеп жатқандары екі жылда заңдық мәртебесін өзгертуі керек. Билік бұл шараларды сапалы білім алуды барлығына қолжетімді ету мақсатымен қабылдап отыр. Қытайда 9 сыныптық білім алу міндетті және бәріне тегін.

///

Қырғызстанның экс-премьер-министрі Темір Сариев 30 қыркүйекке дейін қамауда болады. Осы елдің Мемлекеттік Ұлттық қауіпсіздік комитеті 3 тамызда оны ұстағанын хабарлаған болатын. 2 айға қамау туралы шешім түнде қабылданған. Бұрынғы Үкімет басшысы Кум-төр кен орнын игеруге байланысты қозғалған қылмыстық іс бойынша тергеліп жатыр. Сот залы ғимаратының маңына жиналған Темір Сариевтің туыстары мен жақтастары оны бостандыққа шығаруды талап еткен. Экс-премьер-министрге экологиялық шығынды азайтып көрсетіп, бірнеше миллиард сом зиян келтірді деген айып тағылып отыр.

///

Нұр-Сұлтанда 7-8 тамыз күндері қалалық және қала маңына қатынайтын бағдарлар жүрмейді. Сенбі және жексенбі күндері елордада қоғамдық көлік Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес тоқтатылады. «Бетперде тағу режимін сақтауды сұраймыз. Автобусқа бетпердесіз кіруге болмайды. Жол ақысы қолма-қол ақшасыз төленеді: көліктік карта көмегімен немесе QR-код сканерлеу арқылы», – делінген әкімдік таратқан ақпаратта.

///

Білім және ғылым министрі Орта білім беру ұйымдарында 2021 – 2022 оқу жылының басталуын, ұзақтығын және каникул кезеңдерін айқындау туралы бұйрыққа қол қойды. Құжат бойынша, жаңа оқу жылы әдеттегідей 2021 жылғы 1 қыркүйекте басталады. Оқу жылының ұзақтығы 1-сыныптарда – 33 аптаға, 2-11 (12)- сыныптарда – 34 аптаға жетеді. Күзгі каникул – 7 күн (2021 жылғы 1-7 қараша аралығында), қысқы – 11 күн (2021 жылғы 30 желтоқсан мен 2022 жылғы 9 қаңтар аралығында), көктемгі – 12 күн (2022 жылғы 19-30 наурыз аралығында). 1-сыныптарға арналған қосымша каникул – 7 күн (2022 жылғы 7-13 ақпан аралығында) болып белгіленді. Сондай-ақ пандемияға байланысты жаңа оқу жылында оқушыларға мектеп формасын кию міндет емес. Сабаққа классикалық үлгідегі киімдермен де баруға рұқсат берілді.

///

Токио Олимпиадасында каратэші Дархан Асаділ Олимпиаданың қола жүлдесін алды. Ол жартылай финалда Франция өкілі Стивен де Костамен кездесіп, 5:2 есебімен жеңіліп қалды. Дархан каратэ тарихында Қазақстанның тұңғыш Олимпиада жүлдегері болып отыр. Ол 1987 жылы 8 тамызда дүниеге келген. Әлем чемпионатында екі мәрте жүлдегерлер қатарынан көрінді. Азия чемпионатында бірнеше рет жеңіске жеткен. Айта кетсек, қазақстандық спортшылар бүгін үш қола медаль жеңіп алды. Олар - боксшы Сәкен Бибосынов, еркін күрестен Нұрислам Санаев. Жалпы, ел қоржынында әзірге 7 қола медаль бар. Жалпы есепте 76-ші орындамыз. Үздік үштіктің қатарында ҚХР, АҚШ және Жапония.