Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Елде астық жинау науқаны қазан айының басында аяқталады

Елде астық жинау науқаны қазан айының басында аяқталады

Елімізде коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1 - ші компонентін 7 млн 300 мың 062 адам, 2 - ші компонентін 6 млн 161 мың 154 адам салдырды. Ақпарартты Денсаулық сақтау министрлігі таратты. Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 2 438 жағдай тіркелді. Коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың жалпы саны 862 мыңға жетті. Сонымен қатар 2 944 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты. Елімізде барлығы 790 мың 394 адам қауіпті індеттен емделіп, сауығып шықты.

*****

Бүгін шыққан ақпарат бойынша ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес «Жасыл» аймақта: Түркістан, Жамбыл облыстары. «Сары» аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Маңғыстау, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары. «Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Павлодар облыстары орналасқан.

*****

Атырау облысындағы мектептерде 23 сынып карантинге жабылды. Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы Айсұлу Досқалиеваның сөзінше, жаңа оқу жылы басталғалы 200-ге жуық оқушы коронавирус инфекциясына шалдыққан. «Оның ішінде 170-ке жуық бала науқастармен жақын қарым-қатынаста болғандықтан қауіпті вирусты жұқтырған. Ал, мектепке барған соң инфекцияға шалдыққан 23 бала уақытша оқшауланды. Мектептерде 23 сынып карантинге жабылды. Бұл сыныптардың оқушылары 14 күн үйінде болады. Тамыз айында мектеп жасындағы оқушылары арасында 1 062 жағдай тіркелді», -дейді Айсұлу Досқалиева.

*****

Түркістан облысына Sinopharm компаниясы өндірген Vero Cell вакцинасының 105 мың доза екінші компоненті мен 22 мың доза бірінші компонент жеткізілді. Аталған екпені барлық емханалар мен екпе салдыру пунктерінен қабылдауға болады. Жалпы өңірге COVID-19 індетіне қарсы вакцинаның 858 мың 637 дозасы жеткізілген. Енді облыс тұрғындары отандық QazVac, ресейлік «Спутник V», Sinopharm компаниясының HayatVax және Vero Cell, қытайлық CoronaVac вакцинасын салдыра алады. Бүгінде І құрамды 832 мың 504 адам қабылдады, ал ІІ компонентті – 645 мың 073 адам салдырған. Індет басталғалы коронавирустың 13 705 жағдайы анықталды.

*****

Елде астық жинау науқаны қазан айының басында аяқталады. Бүгін шыққан ақпарат бойынша 14,1 млн гектар егіс алқабындағы дәнді және дәнді-бұршақты дақыл жиналды. Орташа өнімділік гектарына 9,2 центнер. Бүгінгі күнге дейін 13 млн тонна астық жиналды, оның 10,4 млн тоннасы бидай. Егін егетін негізгі үш өңір – Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында 10,6 млн гектар егіс алқабы жиналды. Бұл жалпы алаңның 91,4%-ы. Астықтың жалпы түсімі 15,3 млн тоннаға жетеді деген болжам бар.

*****

Футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 21-туры мәресіне жетті. Аталған турдың екінші ойын күнінде Қостанайдың «Тобылы» сырт алаңда «Таразбен» ойнап тең түсті. Нәтижесінде турнир кестесінде бірінші орынға елордалық «Астана» шықты. Үздік үштікте келе жатқан Алматының «Қайраты» өз алаңында Петропавлдың «Қызылжарынан» 1:0 есебімен басым түсті. Енді 22-тур ойындары 26 және 27 қыркүйек күндері өткізіледі деп жазады Қазақапарт