Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Алматы облысында 422 сынып карантинге жабылды

Алматы облысында 422 сынып карантинге жабылды

Пермь мемлекеттік университетіне қарулы шабуыл кезінде сегіз адам қайтыс болды. Бұған дейінгі жаңалықтарымызда хабарлағанымыздай, бүгін аталған ЖОО –а белгісіз адам келіп студенттер мен оқытушыларға травматикалық қарудан оқ жаудырды. Студенттердің терезеден секірген сәті әлеуметтік желілерде жарияланды. Кейін арнайы қызмет күдіктінің жеке басын анықтап, шабуылды 18 жастағы жігіт ұйымдастырғанын хабарлады. Құрықтау барысында қылмыскер қарсылық көрсеткеннен кейін тәртіп сақшылары тарапынан жарақат алады. Ол алған жарақатынан ауруханаға барар жолда көз жұмды.

Қазіргі уақытта оқиға орнында тоғыз жедел жәрдем бригадасы жұмыс істеп жатыр. Алдын ала мәліметтер бойынша, 20-дан астам адам зардап шегіп, 8 адам қайтыс болды. Қазір қаза тапқандар туралы дерек нақтылануда. Ресей премьер-Министрі Михаил Мишустин Ғылым және жоғары білім министрі мен Денсаулық сақтау министріне Пермьге барып, қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына көмек көрсету жұмыстарын ұйымдастыруды тапсырды. Ал атыс салдарынан көз жұмған құрбандардың туыстары мен жақындарына Ресей президенті Владимир Путин көңіл айтты.

*****

Жамбыл облысында балалардың терезеден құлау деректері жиіледі. Аймақтық ТЖД төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Талғат Айтбаевтың мәліметінше, жыл басынан бері 14 бала көпқабатты тұрғын үйлердің терезесінен құлаған. Олардың барлығы 2-15 жас аралығындағы жеткіншек. Оқиға салдарынан 2 бала көз жұмды. Бұл статистика өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, 4 пайызға өскен. Яғни, былтыр 9 оқиға тіркеліп, бір бала мерт болған. Сондықтан балалардың терезе алдына шығып кетуіне мүмкіндік туғызатын жиһаздарды ол тұстан қашыққа қойған абзал. Үй ішінде қауіпсіздік сабақтарын өткізу артықтық етпейді. Балалар терезені өз беттерінше ашпас үшін онда блокиратор немесе тұтқасына құлып орнату керек, - деді маман.

*****

Ал елімізде полиция өкілдері 900 мыңға жуық пәтерді тексерген. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз министрліктің дәстүрлі брифингінде айтты. Нұрділдә Ораз «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы жалғасып жатқанын жеткізді. Учаскелік полиция инспекторлары әкімшілік учаскелерде халықпен танысу және тіркелген қару-жарақтарды анықтау үшін халықпен кездесу өткізді. Шараға 13 мыңнан астам қызметкер мен мыңнан астам волонтер, қоғам қайраткері, мемлекеттік орган қызметкері қатысты. Алдын алу іс-шарасының 20 күнінде полиция қызметкерлері 900 мыңға жуық пәтер мен жеке үйлерді аралап, 55 мыңнан астам саяжай үйлері мен 14 мыңға жуық қыстақты, жалға берілетін 13 мыңға жуық пәтер тексерілген. Соның нәтижесінде мемлекеттік кірістер органында тіркеуіз тұрған үйді жалға берудің 3 мыңға жуық дерегі анықталды, - деді ресми өкіл.

*****

Белгілі бір мерзімге қызметке шақырылған әскерилердің декларацияны кейін тапсыруына мүмкіндік берілді. Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарлауынша, бұйрық шығарылған күннен бастап әскери қызметкерлер үшін мүлік пен активтерге қатысты мәліметті тапсыру мерзімі ұзартылады. Сонымен бірге декларацияны қате жазып тапсырған азаматтардың оны қайта толтыруына болады. Есепке өзгеріс немесе тағы мәлімет жазу қажет болса, қосымша декларация тапсыра алады.

*****

Алматы облысында 422 сынып карантинге жабылды. Оқу басталғалы мұнда коронавирус жұқтырған 675 оқушы тіркелді. Оның ішінде 215 жағдай жазғы демалыс кезінде, 444 жағдай офлайн оқыту кезінде және 16 жағдай онлайн оқытуда анықталған. Қазір өңірдегі 190 мектептің 422 сыныбында карантин енгізіліп, 6 мыңнан астам оқушы қашықтықтан оқытуға ауыстырылды»,- делінген Алматы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті таратқан хабарламада. Ведомствоның ақпаратына сәйкес, аймақта 103 мұғалім індетке шалдыққан.

*****

Коронавирусқа байланысты әлем жаңа проблемаға тап болды. Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, пандемия әлемдік тұрғын үй нарығына әсер етті. Жылжымайтын мүлікті сатып алу бағасы да, жалға алу құны да өсуде. Соңғы 12 айда тұрғын үй бағасының қымбаттауы бойынша Түркия әлемдік рейтингте көш бастады. Мұнда бір жыл ішінде үй 29 пайызға қымбаттады. Сонымен қатар, Жаңа Зеландия, АҚШ, Словакияда жылжымайтын мүлік бағасы тым шарықтап кеткен.