Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

«Қаржы орталығы» оқу ақысын төлей алмай жүрген студенттерге көмектеседі

«Қаржы орталығы» оқу ақысын төлей алмай жүрген студенттерге көмектеседі

Оқу ақысын төлей алмай жүрген студенттер болса Қаржы Орталығы көмектесе алады. Кейін білім алу үшін алған несиені 10 жылда аз-аздан төлейсіз. Одан бөлек балаңызға білім беру депозитін аша аласыз. Банктің сыйақысы мен қоса мемлекеттік сыйақы қосылады. Балаңыз мектеп бітіргенде оқуға төлейтін ақша жиналып тұрады. Егер балаңыз онсызда мемлекеттік грантты жеңіп алса, онда жиналған қаржыны шешіп алуға болады. Балаңыз болашақта ҰБТ демей, шынайы білімді таңдасын десеңіз, қазірден бастап оқуына қаражат жинай беріңіз.

Бүгінгі хабарымыз Білім беру саласындағы әлеуметтік жобаларға арналды. Қаржы орталығы қандай мүмкіндіктер сыйлайды? «AQYL» мемлекеттiк бiлiм беру депозитін қалай ашамыз? Бiлiм алу үшін арнайы несиені қалай рәсімдеу керек? Шарттары қандай? Әлеуметтік студенттік несие кімге және қалай беріледі?

Студия қонағы: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қаржы орталығы» акционерлік қоғамы директорының орынбасары Ақжол ҚҰРМАНСЕЙІТ.

P.S. «Білім беру несиелеріне кепілдік беру» жобасына «Қаржы орталығы» 2 млрд. теңге бөлген. 3 700 адамда қатысу мүмкіндігі бар. Жобаның басты артықшылығы – кепілсіз несие беріледі. «Нұр Банк» арқылы жүзеге асатын жүйемен еліміздің түпкір-түпкіріндегі жоғарғы оқу орынында оқитын студенттер несие ала алады.