Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қ. Тоқаев: Басты міндетіміз – вакцинаға жаһандық қолжетімділікті арттыру болуы керек

Қ. Тоқаев: Басты міндетіміз – вакцинаға жаһандық қолжетімділікті арттыру болуы керек

Қалыптасқан жағдай жан-жақты әрі нақты шаралар қабылдауды талап етеді. Біздің басты міндетіміз – шұғыл түрде вакцинаға жаһандық қолжетімділікті арттыру болуы керек деп ойлаймын. Бұл ғаламдық этика мен бірліктің мәселесі. Бұл туралы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының жоғары деңгейдегі 76-шы сессиясы аясында «Пандемияны тоқтатып, қайта жаңғыруды жақсарту» тақырыбында өткен COVID пандемиясына қарсы күреске арналған Жаһандық саммитте айтты. Мемлекет басшысы өз сөзінде әлем соңғы онжылдықтарда денсаулық сақтау саласының бұрын-соңды болмаған ғаламдық дағдарысына ұшырағанын атап өтті. «Біз вакциналардың екі миллиардтан астам дозасымен қамтамасыз етуге және денсаулыққа төнген жаһандық қатерлерден ұжымдық қорғанысты жақсартуға бағытталған жан-жақты күш жұмылдыруды құптаймыз. Дүниежүзілік «ұжымдық иммунитетке» үлес қоса отырып, Қазақстан QazVac вакцинасын жасау арқылы екпе ойлап тапқан әлемдегі алғашқы он елдің қатарына енді, – деді Президент.

*****

Қарағандыда сенбі күні жылу беріле бастайды. «Қала әкімі Ермағанбет Бөлекпаев 1-ші, 3-ші Жылу Электр Орталықтарының жылу желілері мен станцияларында / іске қосу алдындағы жұмыстардың атқарылуын әне айналым режимін орнатуды тапсырды», - делінген ресми хабарламада. Бірінші болып жылу әлеуметтік-мәдени тұрмыстық нысандар: балабақша, мектеп, ауруханаларға беріледі. Тұтынушылар орталық жылумен жабдықтауға кезең-кезеңімен қосылады.

*****

Атырау облысында емханаларға 660 мыңнан астам адам тіркелді. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Атырау облысы бойынша филиалының директоры Байтолла Ғазизовтың мәліметінше, 15 қыркүйекте бастапқы медициналық санитарлық көмек ұйымдарын таңдау науқаны басталған. Ол 15 қарашаға дейін жалғасады. «Бұл науқан жыл сайын өткізіледі. Тіркелу және емхананы еркін таңдау арқылы консультациялық-диагностикалық қызметтер алуға, ауруханада жатып емделуге, кез келген жоспарлы медициналық қызметтердің көрсетілуіне, денсаулық сақтау саласында медициналық көмек алуға құқық береді. Қазір өңірдегі емханаларға 660 992 адам тіркелді», -деді Байтолла Ғазизов.

*****

Елімізде өткен тәулікте 2 693 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы анықталды. Сонымен қатар өткен тәулікте 3 905 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Соңғы ақпарат бойынша рес-да коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1 - ші компонентін 7 млн 408 мың 957 адам, 2 - ші компонентін 6 млн 289 мың 238 адам салдырды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлайды.

*****

Ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес «Жасыл» аймақта: Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары тұр. «Сары» аймақта: Шымкент қаласы, Атырау, Алматы, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары. «Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Павлодар облыстары.