Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Нұр-Сұлтан қаласында ақын Әбу Абдалла Рудакиге ескерткіш ашылды

Нұр-Сұлтан қаласында ақын Әбу Абдалла Рудакиге ескерткіш ашылды

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев пен Қазақстанға ресми сапармен келген Тәжікстан Оли Мажлисі Милли Мажлисінің төрағасы Рустами Эмомали ақын, тәжік және парсы классикалық әдебиетінің негізін қалаушы Әбу Абдаллах Рудакидің ескерткішін ашу рәсіміне қатысты.

Ескерткіштің ашылу салтанатында сөз сөйлеген Мәулен Әшімбаев бұл шара Қазақстан астанасының мәдени өміріндегі маңызды оқиға болып табылатынын және Қазақстан-тәжік ынтымақтастығының даму тарихына енетінін атап өтті.

«Қазақстанда ұлы ақын Әбу Абдалла Рудакидің шығармашылық мұрасын жоғары бағалайды. Оның поэзиясы әлемдік мәдениеттің қазынасына енді. Омар Хайям, Низами, Фирдоуси, Джәми және Руми сияқты Шығыстың көрнекті ақындары мен жазушылары Рудакидің шығармашылығыннан өсіп шықты. Бүгін біз оның аты берілген көшеде тәжік және парсы классикалық әдебиетінің негізін қалаушы Абу Абдаллах Рудакиге ескерткіш ашамыз. Душанбеде қазақтың ұлы ойшылы Абай атындағы көше бар екенін білеміз. Екіжақты қарым-қатынастарда мәдени-рухани байланыстар әрдайым берік көпір және іргетас болып қала береді. Көрнекті тұлғаларымыздың естеліктерін құрметтеу бізді қуантады», - деді Сенат Төрағасы.

Осы күні екі ел парламенттері палаталарының төрағалары Қазақстан Республикасындағы Тәжікстан Республикасының жаңа Елшілігінің құрылыс орнына алғашқы тас қалаудың салтанатты рәсіміне қатысты.



Дереккөз: Сенаттың Баспасөз қызметі.