Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Кабулда әйелдер тағы да наразылық шеруіне шықты

Кабулда әйелдер тағы да наразылық шеруіне шықты

Ұлттық жобаларға түзетулер енгізілуі мүмкін. Бірақ бөлінген қаражат пен күтілетін нәтижесі өзгертілмейді. ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Ұлттық жобалардың тағы бір ерекше сүзгісі – адамдарға бағытталуында. Сондай-ақ, ол жобалардың іске асуын Президент Әкімшілігі қадағалап, қажет болса Президент тапсырмасымен түзетулер енгізіліп отыратынын айтты. «Біріншіден, Ұлттық жобалардың іске асырылуына Президент әкімшілігі тарапынан да, жобалық кеңсе тарапынан да тұрақты мониторинг жүргізіледі. Бұл Жолдау немесе Үкіметтің кеңейтілген отырыстары аясында жария түрде де, жекелеген тапсырмалар түрінде де айтылуы мүмкін», - деді Дәурен Абаев.

***** 

Елордада биыл басталған – «Elorda Zhastary» бағдарламасына өтініш білдіріп жатқан жастардың қатары күн санап артып келеді. Бүгінге дейін 1000-ға жуық азаматтан өтініш түсті, деп хабарлайды «Хабар 24» елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. Тұрғын үй бағдарламасына қатысуға өтінімдерді қабылдау бүгін, 21 қазан күні сағат 23:59-да аяқталады. Бұл бағдарлама 35 жасқа дейінгі елордалықтарға арналған. Сондай-ақ, қандай да бір қызмет саласына жатпайтын, бірақ Нұр-Сұлтан қаласында «Жетім балалар» санаты бойынша тұрғын үйге кезекте тұрған азаматтар да қатыса алады. 

***** 

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия 22 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары. «Сары» аймақта: Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстары. «Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары. Айта кетейік, кеше Алматы облысы «қызыл» аймақта, Қызылорда облысы «жасыл» аймақта болатын.

***** 

Атырауда 37 жастағы алаяқ үш адамның 1,2 млн теңгесін алдап алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 18 қазанда алаяққа алданған үш адамнан шағым түскен. «Атырау қалалық полиция басқармасына 22, 27 және 35 жастағы жергілікті үш тұрғын арызданды. Олар 37 жастағы азаматтың жоғары оқу орнына ақысыз түсіруге уәде бергенін айтқан. Күдікті алаяқтық жолмен жәбірленушілердің бірінен 600 мың, екіншісінен 292 мың, ал үшіншісінен 350 мың теңге алған. Алайда, осы кезге дейін уәде етілген оқуға түсірмеген, не алған ақшаны кері қайтармаған. 

***** 

Кабулда әйелдер тағы да наразылық шеруіне шықты. Қолдарына плакат ұстап, ұрандатқан белсенділер жұмыс істеу мен білім алу құқығын талап етті. Айта кетейік, Талибан қозғалысының билік басына келгеніне 2 ай өтсе де, жоғары сыныпта оқитын қыздар әлі күнге дейін мектепке бармаған.