Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Марат Ахметжанов: Білім беру жүйесіндегі жемқорлық мемлекеттің болашағына тікелей қауіп төндіреді

Марат Ахметжанов: Білім беру жүйесіндегі жемқорлық мемлекеттің болашағына тікелей қауіп төндіреді

Осы аптада Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы Марат Ахметжанов еліміздің жоғары оқу орындарының ректорларымен және ғылыми қоғамдастығымен және Алматы қаласының активімен кездесті.

Тарқатып айтайық..

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжанов Алматы қаласына жұмыс сапары кезінде жоғары білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кеңес өткізді. Оған Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев, еліміздің жоғары оқу орындарының ректорлары, ғылыми және сараптамалық қоғам өкілдері қатысты. Кездесуде жоғары білім беру саласындағы жемқорлыққа қарсы іс-қимыл аясындағы негізгі түйткілді мәселелер талқыланды, сондай-ақ жұртшылықты тарта отырып, сарапшылық қоғамдастық арасында белсенді талқыланып жатқан 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат Тұжырымдамасының жобасы таныстырылды. «Білім беру жүйесіндегі жемқорлық мемлекеттің болашағына тікелей қауіп төндіреді. Оны болдырмауға арналған құралдар бар, тек оларды пайдалану керек. Сондықтан біздің ортақ міндетіміз – оны азайту және жоюға қажетті барлық шараларды қабылдау. Жоғары оқу орындары - адал еңбекті бағалайтын және өз Отанына қамқорлық көрсететін еліміздің лайықты азаматтарын тәрбиелеп, оқыту керек», - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы. Сонымен қатар, кеңесте еліміздің университеттерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтерді енгізу және студенттер арасында жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі кешенді жоспарларды іске асыру мәселелері қозғалды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен оның аумақтық бөлімшелері университеттердің құрылымында аталған қызметтерді ашу, сондай-ақ жемқорлыққа қарсы комплаенс институтының жұмысын ұйымдастыру бөлігінде барлық әдістемелік көмек көрсететіні айтылды. Кеңестің «ашық диалог» түріндегі форматын ескере отырып, ғылыми қоғамдастық пен ЖОО-ның басшылығы білім беру саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру мәселелері бойынша өз пікірлері мен идеяларын бөлісті. Кездесу қорытындысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен Білім және ғылым министрлігі арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Тараптар бірлескен жұмыстың жоспарлары мен жобаларын талқылады.

*****

Сонымен қатар осы аптада ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжанов Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің кеңейтілген отырысына қатысты. Жиынға аудан әкімдері, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары, депутаттар, қоғам және бизнес-қоғамдастық өкілдері қатысты. Шара барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы Марат Ахметжанов сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында жүргізіліп жатқан реформалар туралы баяндап, 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының жобасына баса назар аударды. Бұл тапсырманы Президент Қазақстан халқына Жолдауында берген еді. Марат Ахметжановтың айтуынша, негізсіз баюға жауапкершілік енгізу – Тұжырымдаманың жаңалықтарының бірі. Ол шығыстардың кірістерден асып кетуі қаржылық тексеруді бастау үшін сигнал болатынын ерекше атап өтті. Агенттік Төрағасы азаматтардың жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қажеттіліктері мен үміттерін қанағаттандыру Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бірінші кезектегі міндеті екенін атап өтті. Сондай-ақ, мемлекеттік органдарда жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтерді енгізу және ішкі мониторинг бойынша ұсыныстар айтты. Сонымен қоса, бизнес саласында жемқорлыққа қарсы стандарттар енгізу қажеттілігі сөз болды. «Тұжырымдаманың маңызды басымдықтарының бірі - адал бизнесті дамыту. Жүйелік өзгерістер қажет. Сондықтан Тұжырымдамада біз бизнесті сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды енгізуге ынталандыруды көздейміз», - деп түйіндеді сөзін ведомство басшысы. Отырыс барысында спикерлер сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамаларды таныстырып, тәсілдерді жетілдіру және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша биылғы 9 айдағы өңірдегі жұмыстың қорытындылары талқыланды. Отырыс қорытындысы бойынша Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қала әкімінің орынбасарларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруда аталған ұсыныстарды ескеруді тапсырды.

*****

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) ел Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын қалыптастыру мен іске асыруды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы үйлестіруді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтауды, жолын кесуді, ашуды және тергеуді жүзеге асыратын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік орган.