Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қытай орбитаға ғарыштағы қоқыстарды жинайтын жерсерігін аттандырды

Қытай орбитаға ғарыштағы қоқыстарды жинайтын жерсерігін аттандырды

Елді цифрландырумен тек қазақстандықтар ғана айналысады. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин өзінің Facebook парақшасында жазды. «Біріншіден, біз өнімді бастапқы кодтарымен бірге аламыз. Бұл конструктордан не жасау керегін біз шешеміз. Екіншіден, серверлер Қазақстанның жерінде және қорғалған контурларда сақталады. Яғни біз Ұлттық ақпараттық қауіпсіздік талабына сай шетелдіктердің бұл процеске кірісуіне, соның ішінде техникалық сүйемелдеуіне жол бермейтініміз айдан анық» деп жазды министр. Министр бұл норманы барлық құжатта бекітуге дайын екенін мәлімдеп, атқарылатын жұмыс жайлы жиі жазып тұруға уәде берді.

*****

Шығыс Қазақстан облысындағы колонияға электронды терминал орнатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. ШҚО бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің мәліметіне сүйенсек, ОВ-156/21 мекемесінде өтініштер мен шағымдарды жолдауға арналған тағы бір терминал орнатылды. Мекеме қызметкерлерінің айтуынша, терминалдың артықшылығы – мұнда сотталған адам өтініш берудің формалды мерзімі келген кезде өз бетімен шартты түрде мерзімінен бұрын босап шығуға, жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түріне ауыстыруға және қоныс колонияға ауысу жөнінде қолдаухатын сотқа жібере алады. Ең бастысы, заңды түрде қолдаухат жазуға мерзім уақыты келу керек. Сонымен қатар осы терминал арқылы ол белгілі бір құқық бұзушылық туралы арыз-шағымдарын прокуратураға, адам құқықтары жөніндегі басқа да мемлекеттік органдарға жібере алады.

*****

Батыс Қазақстан облысында жол апатынан автокөлік ішінде екі адам жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 24 қазан күні Ақжайық ауданы аумағында болды. Орал-Атырау жолының 209-шақырымында «Лада Веста» және «Лада Приора» автокөліктері бетпе-бет соқтығысқан. Соның салдарынан автокөліктер өртенген. «Лада Приора» автокөлігінің ішінде болған екі адам жанып кетті. «Лада Вестада» түрлі жарақат алған 31 жастағы ер адам мен оның 30 жастағы әйелі Ақжайық аудандық орталық ауруханаға жеткізілді. 

*****

Қытай орбитаға ғарыштағы қоқыстарды жинайтын жерсерігін аттандырды. «Шицзянь-21» деп аталатын аппарат Сычуань провинциясындағы ғарыш айлағынан ұшырылды. Жерсерік орбитадағы ғарыш қоқыстарын, ескі зымырандар мен аппарат қалдықтарын жинаумен айналысады. Қытай ұлттық ғарыш бағдарламасы метерологиялық, телекоммуникациялық және навигациялық жерсеріктерді жасап, Айды зерттейтін технологияны жүйелі дамытуды қолға алған.

*****

Футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 25-туры мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Аталған турдағы соңғы екі ойынның бірінде Ақтауда «Каспий» мен Оралдың «Ақжайығы» кездесті. Ойын 2:2 есебімен тең аяқталды. Тағы бір ойында Қызылордада «Қайсар» мен Талдықорғанның «Жетісуы» шеберлік байқасты. Кездесу тағдырын талдықорғандық клубтан Артем Дмитриев 38-минутта соққан жалғыз гол шешті. «Қайсар» қарсыласына 0:1 есебімен есе жіберді. Бұдан бұрын аталған турдағы бес кездесу нәтижесі белгілі болды. Көш басында келе жатқан «Тобыл» өз алаңында «Шахтерден» 4:1 есебімен басым түссе, «Астана» сырт алаңда «Қайратқа» 0:1 есебімен жол берді. Ал өзге ойындарда өз алаңында «Тұран» «Ақтөбеден», «Тараз» «Ордабасыдан» 1:2 есебімен жеңілсе, «Атырау» мен «Қызылжар» 0:0 есебіне қанағат білдірді. Енді 26-тур ойындары 30 қазанда өтеді. Осылайша биылғы ел біріншілігі мәресіне жетеді.