Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Автокөлікті мобильді қосымшалар арқылы тіркеуге болады

Автокөлікті мобильді қосымшалар арқылы тіркеуге болады

Ресей Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарын газдандыруда газ жеткізуге қатысуы мүмкін. Еліміздің Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев Ресейдің вице-премьері Александр Новакпен кездесуінде осындай ұсыныс жасады. Өз кезегінде А.Новак Ресей үкіметі осы мәселе бойынша келіссөздер бастауға дайын екенін айтты. Сонымен қатар көрші елмен бірге сұйытылған табиғи газдың жанармай құю станциялары желісін құру бойынша инвестициялық жоба болуы мүмкін. Ол Ресейден Қытай Халық Республикасына дейінгі транзиттік бағыт бойында орналасады деп жоспарланған. Бұл Қазақстанның көлік хабы ретінде логистикалық тартымдылығын арттырады. Бұдан бөлек, Ресей бізге дизель жеткізуді жалғастыруы ықтимал. Біз үшін бұл жақсы жаңалық, дейді кейбір сарашылар. Өйткені ол тапшылық салдарынан көтеріліп кеткен сұйық отын бағасын біршама төмендетуге мүмкіндік береді.

*****

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин автокөлікті тіркеу мен қайта тіркеуді электронды форматта жүргізудің тиімділігін айтты. «Елімізде танымал платформалар мен сервистер арқылы қызметтерді көрсету бойынша жұмыстар жүргізілді. Мәселен, Kaspi.kz, Homebank қосымшасы арқылы көлікті тіркеуге болады. Бұл қадамдар карантиндік іс-шаралар бағытында ерекше маңызды», - деді Бағдат Мусин Мәжілістегі Үкімет сағатында. Оның айтуынша, мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында аталған қызметке қатысты іркіліс болғандықтан, осы мәселені мобильді қосымшалар арқылы шешуге мән бердік», - деді министр.

*****

Ертең Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді, деп хабарлайды ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі. Күн тәртібінде: – Санитариялық-эпидемиологиялық жағдай; – Халықты жұмыспен қамту шаралары. Үкімет отырысының тікелей таратылымын PrimeMinister.kz сайтынан, Mail.kz, Aitube.kz порталдарынан, YouTube ресми арнасынан, Twitter, «ВКонтакте» әлеуметтік желілерінен көруге болады.

*****

Шығыс Қазақстан облысында иіс тиген 74 жастағы зейнеткер көз жұмып, екі бала ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бірінші оқиға 24 қазан күні Алтай қаласында болған. Ауруханаға улану белгілерімен 2012 жылғы ұл мен 2019 жылы туған қыз түсті. Жеке тұрғын үйді тексеру барысында балаларға иіс тигені анықталды. «Екінші оқиға Семей қаласында болған. Пеш мұржасының уақытылы тазаланбауынан иіс тиген 1947 жылғы әйел көз жұмды. Құтқарушылар осыған дейін бұл үйлерде қауіпсіздік шаралары туралы түсіндіру жұмысын жүргізіп, ескерткенімен, олар еш назар аудармаған», - деп хабарлады ведомство өкілдері. 

*****

Бүгін бокстан әлем чемпионаты басталады. Оған 100-ден аса елден 650 спортшы қатысады. Жарыс кестесі бойынша, алдымен, жеңіл және орта салмақтарда іріктеулер өтеді. Яғни, бірер сағаттан кейін шаршы алаңға 57 келідегі Серік Теміржанов шығып, Моңғолия боксшысымен жұдырықтасады. Одан кейін ұлттық құрама капитаны Абылайхан Жүсіпов Тайбей елінің өкілімен кездеседі. Сербиядағы дода 6 қарашаға дейін жалғасады.