Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Сенаторлар мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге арналған заң жобасын қарайды

Сенаторлар мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге арналған заң жобасын қарайды

Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың Төрағалығымен Палата Бюросының отырысы өтті. Онда депутаттар 2021 жылғы 28 қазанда өтетін Сенат отырысының күн тәртібін бекітті.

Соған сәйкес алдағы Палата отырысында сенаторлар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» туралы заң жобасын қарайды.

Аталған құжат мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіруді және мемлекеттік органдардың дербестігі мен жауапкершілігін арттыруды көздейді. Үкіметтің бірқатар қызметін орталық мемлекеттік органдарға, ал орталық органдардың кейбір қызметтерін жергілікті атқарушы органдарға беру ұсынылып отыр.

Сонымен қатар Бюро отырысында Мәжілістен келіп түскен «2022 – 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» және «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2022 – 2024 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» заң жобалары жұмыс үшін Қаржы және бюджет комитетіне берілді.

«Өткен аптада бас комитет бұл заң жобаларын таныстырды. Сол кезде бірқатар мәселелерге назар аударылды. Сондықтан, депутаттар жұмыс тобының отырыстарына белсенді қатысып, құжатты өз салалары бойынша жан-жақты талқылауы қажет. Бұл Президент Жолдауын және өзекті әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге қатысты Мемлекет басшысы берген тапсырмаларды уақтылы орындау үшін маңызды», – деді Мәулен Әшімбаев.



Сенаттың Баспасөз қызметі