Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Бейнебақылау: Полиция қызметі халық үшін ашық болады

Бейнебақылау: Полиция қызметі халық үшін ашық болады

Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйегіндегі Қазақстан халқына жолдауындағы Ішкі істер министрлігіне пенитенциарлық мекемелер мен халықпен жұмыс жасайтын полиция бөлімшелерін бейнебақылауды қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Қазір барлық полиция бөлімшелерінде бейнебақылау жүйесін орнату бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Жалпы 16 658 камера орнатылатын болады. ІІМ басшысының орынбасары Сәкен Сәрсеновтің айтуынша, енді полиция қызметкерлерінің өздері де бейнебақылауда болады, олардың қызметі халыққа ашық болса, шағымдар саны да азаяды.



Қылмыстық атқару жүйесі мекемелеріне 34 мыңға жуық камера орнатылады. Ағымдағы жылы 29 мекеме қамтылды, қалған мекемелерді бейнебақылаумен қамтамасыз ету 2023 жылы аяқталады.

«Арнайы контингент қамайтын және отыратын орындарда орнатылған барлық камераларды қорғау жоғары деңгейде, оларды қолмен бұзу, сындыру мүмкіндігі аз. Бейнебақылау камераларын орнату, ең әуелі түрмедегі адамдардың құқықтарын, олардың қауіпсіздігін сақтауға және қорғауға бағытталған. Сонымен қатар, сотталғандар тарапынан да, мекеме әкімшілігі тарапынан да болуы мүмкін құқық бұзушылықтардың алдын алудың бір амалы. Сотқа дейінгі іс-жүргізу де автоматтандырылып жатыр.

2020 жылдың 1 қыркүйегінен бастап қылмыстық іс жүргізудің үш түрлі моделі енгізілуде. Жоба қылмыстық іс тіркелген сәттен бастап сотқа жіберілгенге дейін бүкіл процестің ашықтығын қамтамасыз етеді. Қазір барлық қылмыстық істерді электронды форматқа көшіру үшін полиция заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталуда», - деп атап өтті спикер.

Қазіргі уақытта 78,6% іс бойынша электронды форматта тергеу жүргізілуде.