Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Алматы облысында 26 жастағы жас ана үшем дүниеге әкелді

Алматы облысында 26 жастағы жас ана үшем дүниеге әкелді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ашхабадқа мемлекеттік сапары барысында Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Келіссөзге дейін Тәуелсіздік алаңында салтанатты түрде ресми қарсы алу шарасы өтті. Құрмет Қарауылының бастығы екі ел басшыларына рапорт беріп, Қазақстан мен Түрікменстанның әнұрандары шырқалғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов бір-біріне ресми делегациялардың құрамын таныстырды. Салтанатты рәсімнен кейін шағын құрамда кездесу болды. Мемлекеттер басшылары саяси, сауда-экономикалық, көлік-транзит және мәдени-гуманитарлық салаларды кеңейтуге ерекше көңіл бөле отырып, қазақ-түрікмен стратегиялық серіктестігінің ауқымды мәселелерін талқылады. Сонымен қатар жаһандық және аймақтық күн тәртібіндегі проблемалар қарастырылды. Қазақстан Президенті бауырлас Түрікменстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырғаны үшін Гурбангулы Бердімұхамедовке ризашылығын білдірді. Гурбангулы Бердімұхамедов өзінің шақыруын қабыл алып, Түрікменстанға сапармен келгені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.

*****

Бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатында депутат Еділ Жаңбыршин Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусинге Қазақстанның халықаралық телефон кодына қатысты сұрақ қойды.

*****

Өз кезегінде Бағдат Мусин бұл сұраққа байланысты тиісті келісімшарттың 11-бабын оқып берді. «Келісімнің ережелеріне сәйкес, тараптардың кез келгені оның қолданысын тоқтату ниеті туралы хабарламаны алдын ала жібере отырып, оны біржақты тәртіппен бұза алады, 6 ай бұрын. Яғни 6 ай бұрын бізге «+7-ден шық» деген мәселені қозғау – осыған алып келеді. Бізге шық деп бір хатпен ғана айта алады. Ешқандай мемлекетаралық ратификациядан өткізу қажет емес. Ресей тарапынан осы хатты алсақ, +7-ден шығару мүмкіндігі бар. 2006 жылы осындай ведомствоаралық құжатқа қол қойған едік. Қазақстанның байланыс агенттігі мен Ресей тарапынан байланыс министрлігі осындай келісімге келді», - деді министр. Ведомство басшысы +7-ден басқа кодқа ауыса салу жарты жылда жүзеге асырылатын оңай шаруа емес екенін айтты.

*****

Биыл қыркүйек айында Бағдат Мусин БҰҰ жанындағы халықаралық электр байланыс одағы Қазақстанға жаңа +997 кодын белгілегенін айтты. Енді біздің елден басқа мемлекетке қоңырау шалғанда, шетелдіктердің телефонында Қазақстан деген жазу шығады. Сондай-ақ халықаралық деңгейдегі цифрлы сервистерді қолданғанда да, барлық жерде Қазақстан деген сигнал шығады.

*****

Алматы облысында 26 жастағы жас ана үшем дүниеге әкелді. Сәбилердің үшеуі де - қыз бала, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Үшемдердің анасы - Көксу ауданының тұрғыны Ардагүл Әскербек. Ол - Талдықорғандағы қоғамдық-саяси «Алатау» газетінің тілшісі. Бұл басылымды белгі айтыстар ақын Айтақын Бұлғақов басқарады. «26 жастамын.Тұңғышым бес жаста. Бір қызым, екі ұлым бар. Бүгін міне үшемнің ата-анасы атанып, 6 балалы болдық», - дейді журналист, жас босанған ана Ардагүл Әскербек. Ақ халаттылардың айтуынша, сәбилердің жағдайы жақсы. Салмағы - 1 кг 900, 1 кг 800 және 1кг 700 грамм.