Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Бүгін радио ардагері Ғалия Балтабайдың "Қазақ радиосы – халықтың үні" кітабының тұсаукесері өтті

Бүгін радио ардагері Ғалия Балтабайдың

Бүгін Қазақ радиосының «Co-working» орталығында Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы мен Қазақ радиосының 100 жылдығына орай ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, "Құрмет" орденінің иегері, Павлодар облысының "Құрметті азаматы" Ғалия Құсайынқызы Балтабайдың "Қазақ радиосы - халықтың үні" кітабының тұсаукесері өтті.


Таныстырылымға радио басшылары, қызметкерлері және Қазақ радиосының ардагерлері қатысты.


Ғалия Құсайынқызы Балтабаева (Ғалия Балтабай) 1948 жылдың 1 маусымында Павлодар облысы Железин ауданы Аққайың ауылында дүниеге келді.

1966 жылы Ертіс ауданындағы номері 2-ші қазақ мектебін тәмәмдап, Әль-Фараби атындағы университетінің журалистика факультетін бітірген.

Еңбек жолын 1966 жылы «Аққайың» мектебінде бастап, 1967 жылы Республикалық Қазақ радиосына қызметке алынады. 1983 жылы Павлодар телерадиокомитетіне ауысады.

1987-1997 жылдар аралығында Республикалық Қазақ радиосының Павлодар облысы бойынша меншікті тілшісі қызметіне тағайындалады және Павлодар облыстық телеарнасының қазақ тіліндегі Жаңалықтар редакциясын басқарады.

Ғалия Балтабайдың сын хабарларының нәтижесінде Павлодарда Ж.Аймауытов атындағы облыстық қазақ театры, облыстық балалар ауруханасы, Екібастұзда қазақ мектептері мен балалар бақшасы ашылды. 20-дан астам соғыс мүгедегі мен ардагерлері, тұрмысы төмен адамдарға тұрғын үй алып беруге телехабарлары арқылы көмектескен.

1997 жылы Ғалия Құсайынқызы "Астана" радиосына қызметке ауысады. Сол жылдары ол талай мәрте Қазақстан Республикасы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтан сұхбат алған.

Ал 2001 жылы Павлодар облыстық радиосына директор қызметіне ауысып, республикалақ конкурс-тендерлерден өтіп, Павлодар радиосын ҒМ жиілігіне шығарады. Сөйтіп облыста радионы сақтап қалды. 

Ғалия Құсайынқызы 42 жыл еліне тапжылмастан қызмет етіп, 61 жасында зейнетке шықты.