Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Бүкіл еліміз бойынша 1500 жаңа өндіріс іске қосылды – Қ. Тоқаев

Бүкіл еліміз бойынша 1500 жаңа өндіріс іске қосылды – Қ. Тоқаев

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын сапа» сыйлығы жеңімпаздарын құттықтады. «Біз сапалаы өнім өндіріп, табысты жұмыс істеп жатқан бизнес өкілдерін жыл сайын марапаттаймыз. Сондай-ақ, әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыруға барынша атсалысып жүрген іскер азаматтарға құрмет көрсетеміз. «Алтын сапа» байқауы 15 жылдан бері тұрақты өткізіліп келеді», - деді Мемлекет басшысы.

*****

Мемлекет басшысы атап өткендей еліміз бойынша 1 500 жаңа өндіріс іске қосылды. Бұл мақсатқа 9 трлн теңгеден астам инвестиция жұмсалды. 820 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылды. Былтыр өңдеу өнеркәсібінің экспорты үш есе өсіп, 15,4 млрд долларға жетті. Қазақстанда өңделген өнімдер бүгінде 131 мемлекетке экспортталады.

*****

Солтүстік Қазақстан облысында коронавирусты жұқтырғандар қатары азайды. СҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен тәулікте 422 адам ПТР тест тапсырса, соның 60-ында коронавирус анықталды. Жалпы өңірде ауырғандар саны 33 348-ге жетті. Олардың 29 373-і жазылды. Қазір емдеу мекемелерінде 453 адам жатыр. Тағы да 17 адам карантинде, 37 адам жансақтау бөлімшесінде жатыр. «Стационарларда ем қабылдап жатқандардың 65% - жасы 60-тан асқан егде адамдар. Әрі олардың басым бөлігі вакцина алмаған», - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Құмар Күсемісов. Бүгінге дейін СҚО-да 246 мыңнан астам адам вакцинация курсынан өтті. Ал Pfizer вакцинасын 3 мыңнан астам адам алды, оның 2,5 мыңға жуығы – жасөспірім.

*****

ICE құрлықаралық биржа сауда-саттығында Brent маркалы мұнай бағасы 5,3%-ға өсіп, бір баррелінің құны 73,6 АҚШ долларына жетті. Сауда-саттық деректеріне сәйкес, Brent маркалы мұнай фьючерсінің бағасы 5,3%-ға артып, қазіргі уақытта барреьліне 73,6 доллар. Сондай-ақ WTI маркалы мұнай фьючерсінің бағасы 5,8%-ға өсіп, барреліне 70,16 АҚШ долларына тең болды.

*****

Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні жүру қаупі бар. «Метеорологиялық жағдайдың өзгеруіне, қар жаууына және желдің күшеюіне байланысты облыстың таулы жерлерінде қар көшкіні түсуі ықтимал. Осы ретте, тұрғындарға барынша абай болуды, ешбір жағдайда тауға шықпау қажеттігін ескертеміз. Егер қандай да бір қиындыққа тап болсаңыздар бірден «112» нөміріне қоңырау шалыңыз, - деп хабарлады ведомство өкілдері.