Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

2025 жылға дейін 500-ге жуық индустриялық жоба іске қосылады

2025 жылға дейін 500-ге жуық индустриялық жоба іске қосылады

2025 жылға дейін 500-ге жуық индустриялық жоба іске қосылады. Осы өндірістерге қажет кадрларды даярлау ісімен Үкімет қазір айналысуы тиіс «Алтын сапа» конкурсының жеңімпаздарын құттықтаған ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осылай мәлімдеді.

«Өнеркәсіпте білікті мамандардың жетіспеушілігі индустрияландыруды тежеуші факторлардың бірі. 2025 жылға қарай біз 500-ге жуық жобаны іске қосуға ниеттіміз. Үкімет қазірдің өзінде осы өндірістер үшін білікті кадрлар даярлауды бастауы тиіс», - деді Президент. Оның пайымынша, бүгінде мемлекет жұмыс берушілерге нақты қолдау шараларын көрсетіп отыр. Жас мамандарды жұмыс орнында оқыту, жас буынмен келісімшарттар жасау және «алғашқы жұмыс орны» деп аталатын көмек құралдары іске асырылуда. Мемлекет тиісті субсидияларды қарастырған. Бірақ ол да жеткіліксіз. Үкімет «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, қызметкерлерді ынталандыру және жұмыспен қамту, олардың біліктілігін арттырудың қосымша шараларын әзірлеуі керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

*****

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Pfizer вакцинасы ақылы сегментке қашан шығатыны туралы пікір білдірді. Оның айтуынша, қазір Қазақстан тарапы Pfizer компаниясымен ақылы вакцинация мүмкіндігі туралы келіссөз жүргізуде. Қажеттілікті анықтау үшін тізімдер жиналуда. Алматы, Нұр-Сұлтан қаласы және өңірлерде халықтың сұранысы зерттелуде. Себебі, екпенің жарамдылық мерзімі бар. Сол үшін вакцинаны қанша азамат алғысы келетінін анықтап алу маңызды. Нақты қанша препарат жеткізу керектігі осы мәлімет жинақталғаннан кейін белгілі болады. Pfizer вакцинасы ақылы сегментке жақын арада шығады деуге негіз бар. Бұл мәселені біз тұрақты түрде талқылап, пысықтап жатырмыз», - деді министр.

*****

Елімізде тұрғын үйдің бағасы 14 жарым пайызға көтерілген. Жаңа үйлердің шаршы метрі орта есеппен 350 мың теңгеге дейін жеткен. Нарықты зерттеп жүрген сарапшылар бір аптаның ішінде тұрғын үйге сұраныс 40 пайызға өскенін айтады. Баспана бағасының күрт көтерілуіне бірден бір себеп - құрылыс материалдарының қымбаттауы. Биылғы 10 айда баға 28 пайызға өскен. Зейнетақы жинағы жеткілікті шегінің өзгеруі құрылыс материалдарының арзандауына және үйге деген сұраныстың төмендеуіне әсер етуі мүмкін дейді сарапшылар.

*****

Бүгін Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Жолдау аясында аймақтың дамуы туралы есеп берді. Әкімнің сөзінше, биыл өңірге 350 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды. Соның арқасында кәсіпорындар 530 млрд теңгенің өнімін шығарды. Сонымен қатар, облыста жолдар жөнделіп, тұрғындарды ауыз су және көгілдір отынмен қамтамассыз ету жұмыстары қарқынды жүргізілуде,-дейді Бердібек Сапарбаев.

*****

"Қазақ радиосы - халықтың үні".

Бүгін Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, "Құрмет" орденінің иегері, радио ардагері Ғалия Балтабайдың жаңа кітабының таныстырылымы өтті. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Қазақ радиосының 100 жылдығына орай ұйымдастырылған шараға радио басшылары, ардагерлері, қызметкерлері қатысты. Сенат депутаты Алтынбек Нұхұлы келешек ұрпақтың бұл кітапты оқып қана емес, содан тағылым алатынына сенім білдірді.