Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы мен Өзбекстан Кинематография агенттігі арасында меморандум бекітілді

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы мен Өзбекстан Кинематография агенттігі арасында меморандум бекітілді

Елімізде алдағы жылы ауылшаруашылығы өнімдерінен бастап баспанаға дейін қымбаттауы мүмкін. 2022-ге болжам жасаған сарапшылар негізінен азық-түлік бағасы көтеріледі дейді, - деп хабарлайды Ұлттық арна. Әсіресе картоп, жұмыртқа мен еттің құны өсуі ықтимал. Сондай-ақ шаршы метр бағасы үшін де артығырақ шығындануымыз мүмкін. Бұған негізінен инфляция әсер етпек. Әрі жанармай айтарлықтай қымбаттайды деген болжам бар. Өйткенің оның бағасы өзге елдермен әсіресе Ресеймен салыстырғанда әлдеқайда арзан. Сол үшін экономикалық одақ аясында және біріңғай отын нарығын құру мақсатында бағалар теңесіп қалуы ғажап емес дейді сарапшылар.

*****

Түркістан облысы Сайрам ауданында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Мәңгілік ел жырлайды» атты республикалық ретро-айтыс өтті. Nur Otan партиясының “Ұлттық мұра” жобасы аясында өткізілген шарада ұлттың ұлы тұлғалары – Жамбыл Жабаев, Әлихан Бөкейхан, күш атасы Қажымұқан, Дина Нұрпейісова, Ыбырай Алтынсариннің мерейлі жылдары жырға қосылды. Аламан айтыста Тәуелсіздіктің қадір қасиеті ұлықталып, сөз сайысты сағынған көрерменін бір серпілтті. Айтыстың бас жүлдесін Оңтүстіктің ақтаңгері, Түркістанның тарланы Бекарыс Шойбеков иеленді. Бірінші орын Серік Қалиевке бұйырды. Екінші орынды Анар Жаппарқұлова, үшінші орынды Айбек Қалиев еншіледі. Айтыстың арнайы жүлделері Кәрима Оралова, Ақмарал Леубаева, Маржан Есжанова, Бөрібай Оразымбетке берілді-дейді айтыстың жүргізушісі Көпен Әмірбек.

*****

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы мен Өзбекстан Кинематография агенттігі арасында бірлескен жобалар өндіру туралы меморандум бекітілді. Келісімге Өзбекстан Республикасының Кинематография агенттігінің Бас директоры Фирдавс Абдухаликов пен «Қазақстан» телерадиокорпорациясының Басқарма төрайымы Ләззат Танысбай қол қойды. Тараптар алдағы уақытта екі елдің мәдениеті мен туризм саласына бағытталған тележобалармен алмасу, сонымен бірге II Дүниежүзілік соғыс жылдарын, тылдағы еңбекті бейнелейтін бірлескен телехикая түсіру туралы келісімге келді. Әскери драма жанрындағы телехикаяда екі елдің жеңіске қосқан үлесін көрсету көзделген. Агенттік өкілдері кездесуден кейін «Qazaqstan» телеарнасының тікелей эфирде шығатын «Таңшолпан», «Теледәрігер», «Ашық алаң», бағдарламасының студияларымен танысты.

*****

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы ТМД елдері телеарналарымен контент алмасуды тұрақты түрде жүзеге асырып келеді. Корпорация түсірген «Қара шаңырақ», «Сырғалым» телехикаялары бұған дейін Өзбекстанның «Mening Yurtim» арнасында көрсетілсе, «Жараланған жүректер» сериалы «Yoshlar» телеарнасында көрсетілді. Өзбекстан аумағына тарайтын «ОККО» онлайн кинотеатры арқылы «Абай» және «Әл Фараби» тарихи телехикаялары ұсынылды. «Өзбекстан 24» мемлекеттік радиоарнасы Қазақ радиосы биыл өткізген «Наурыз-2021» халықаралық радиокөпіріне қатысты.