Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Мемлекет басшысы «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын тапсыру рәсіміне қатысты

Мемлекет басшысы «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын тапсыру рәсіміне қатысты

Мемлекет басшысы «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын тапсыру рәсіміне қатысты. Қасым-Жомарт Тоқаев жастарды ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойымен құттықтап, бүгінгі кездесудің ерекше мән-маңызы бар екенін айтты. Президент өткен ғасырдың 90-шы жылдарындағы дағдарыс кезінде «Болашақ» атты ауқымды білім бағдарламасының жүзеге асырылғанын және оның Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы екенін атап өтті. Соның арқасында әлемнің үздік жоғары оқу орындарында еліміз бойынша мыңдаған жас білім алды және әлі де оқып жатыр. Олардың көбі Қазақстанның қарқынды дамуына зор үлес қосып келеді. Президенттік жастар кадрлық резерві тиімді әлеуметтік лифтке айналды. Сонымен қатар партиялардың сайлау тізіміндегі 30 пайыздық квота Мәжіліс пен мәслихаттарда жастар қатарының көбеюіне ықпал еткенін айтты. 

*****

Алматы қаласында Алатау креатив хабы ашылды. Ол бизнесті қолдауға арналған. Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтты.

*****

Елордада коронавирус жұқтырғандардың саны 38 процентке азайды. Ал стационардағы науқас саны 27 процентке төмендеді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемова мәлімдеді. Оның айтуынша, қазір арнайы стационарда 359 адам ем алып жатыр. Оның ішінде 40 адам реанимацияда, ал өкпені жасанды желдету аппаратына 14 науқас қосылған. Бұдан бөлек, медициналық жедел жәрдем қызметіне түсіп отырған қоңыраулар саны да 27 процентке азайған. Десе де мобильді бригадалар күніне 1200-ге дейін шақыртуларға барады.

*****

Қарағандыда заңсыз жолмен жеті компания ашқан азамат ұсталды. Ол жалған компания құрып, мемлекет қаржысын жымқырған, деп хабарлайды Хабар 24. Алаяқ 2018-2020 жылдар аралығында таныстарымен бірге 7 компания құрған. Жалған бухгалтерлік құжаттар арқылы сол компанияларға мемлекет бюджетінен қаржы аударып отырған. Ақысына келісім сомасының 3 процентін алған. Қылмыстық істің кесірінен мемлекетке 280 миллион теңге шығын келген. 

*****

Өзбекстан өз конституциясын өзгертеді. Мұндай жаңалықты көрші ел президенті Шавкат Мирзиёев өз халқын ата заң күнімен құттықтау барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Хабар 24. Өзбекстан басшысы 9 негізгі бағыт бойынша жаңашылдық енгізуді ұсынды. Бұған дейін жұмыс істеген «мемлекет – қоғам – адам» принципінен бас тартып, «адам – қоғам - мемлекет» принціпіне көшу қажеттігі айтылды. Конституцияда азаматтық қоғам институтының рөлі мен статусы бекітіледі. Бұған қоса жастар саясаты, баланы ауыр жұмысқа тартпау, қарттар мен мүгедектердің құқығын қорғау, экология, білім мен ғылымды дамыту жайына да ерекше көңіл бөлінеді. Жаңашылдықтың қатарына парламент пен жергілікті кеңестердің өкілеттіліктерін кеңейту де еніп отыр.