Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қазақстандықтар автобус билеттерін электронды жүйе арқылы сатып алатын болды

Қазақстандықтар автобус билеттерін электронды жүйе арқылы сатып алатын болды

Азаматтарға қолайлы жағдай жасау мақсатында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Нұр-Сұлтан қаласындағы автовокзал және Halyk Bank-пен бірлесіп жол жүру билеттерін Halyk Homebank мобильді қосымшасы арқылы сатып алу сервисін іске қосу жөнінде жұмыстар жүргізді.

Атап айтқанда, осы бастама арқылы Halyk Travel қосымшасының «Автобустар» электронды сервисі азаматтар үшін қолжетімді болды. Аталған сервис жол жүру билеттерін алдын-ала брондау және сатып алу кезіндегі уақытты айтарлықтай үнемдейді. Сервисті жасаушылар алдағы уақытта жолаушылардың өздері мен жүктерін жағымсыз жайттар мен оқыс оқиғалардан сақтандыруды да енгізуді көздеп отыр.

Қазіргі таңда аталған мобильді қосымша арқылы отандастарымыз Нұр-Сұлтаннан Державинск, Константиновка, Наумовка, Степногорск, Қызылорда, Тараз, Қарағанды, Алматы, Шымкент, Өскемен қалалары мен Монғолия және Өзбекстан сынды көршілес елдерге де жол жүру құжаттарын сатып алуда.

Айта кетерлігі, алдағы уақытта аталған жобаның шеңберін ұлғайтып, барлық қалааралық және халықаралық бағыттардағы маршруттарды ашу жоспарлануда.




Дереккөз: ortcom.kz