Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

«Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы Медиамектебінің алғашқы кезеңі аяқталды

«Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы Медиамектебінің алғашқы кезеңі аяқталды

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ-ның  телевизия мамандарына арналған Медиамектебінің алғашқы түлектеріне сертификат табыстады.

Отандық ақпарат кеңістігінде телерадиоарналар жанынан құрылған тұңғыш республикалық медиамектеп 2021 жылғы қараша айында жұмысын бастады. 7 ай мерзім аралығында медиамектепте қазақстандық ЖОО-ның журналистика, кино және телевизия, режиссура факультетінің 30 студенті ақысыз негізде практикалық курстардан өтті.

Шарада «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ-ның құрылымдарына қызметке және  кадрлық резервіне қабылданған түлектердің есімдері аталды. Медиамектептің 7 үздік түлегі еңбек жолын  Корпорацияға қарасты «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы және «Abai Tv» телеарнасынан бастайды.


«Қазақстан» телерадиокорпорациясы Медиамектебінің алғашқы кезеңі бойынша жұмысқа қабылданған түлектер:

  • Абылқайырова Гүлзада - «Таңшолпан» бағдарламасы;
  • Маралбай Сандуғаш - «Таңшолпан» бағдарламасы;
  • Түгелбай Әлия - «1001 түн» бағдарламасы;
  • Қамзина Мадина - «1001 түн» бағдарламасы;
  • Әлімхан Ажар - анонс бөлімі
  • Ерболат Айбота – «Алтын қор» бөлімі;
  • Алпысбай Айна - «Abai TV» телеарнасы;

Кадрлық резервке қабылданған түлектер:  

  • Айтбай Аймереке -  Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ;
  • Қуаныш Өмірбек - Қазақ Ұлттық өнер университеті;
  • Бекзат Бердібек - Астана IT университеті;
  • Аңсаған Ермек - Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ.

«Біздің мақсатымыз - тәжірибемен, біліммен бөлісу, қарашаңырақтағы кадрлар сабақтастығын жалғау. Осы ретте «Қазақстан» телерадиокорпорациясының телевизия мамандарына арналған медиамектебінің жұмысы тұрақты түрде жалғасатынын хабарлаймыз. Ірі медиақұрылым ретінде еңбекке енді араласатын жас мамандарға қолдау көрсетуге дайынбыз», - деді Басқарма төрайымы Ләззат Танысбай.