Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Министрлердің халықпен кездесуінің 2022 жылға арналған кестесі бекітілді

Министрлердің халықпен кездесуінің 2022 жылға арналған кестесі бекітілді

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесуінің 2022 жылға арналған кестесі бекітілген ҚР Үкіметінің Қаулысына қол қойды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет мүшелеріне өңірлерге барып есеп беруді, қазақстандықтарды елімізде жүргізіліп жатқан реформалар туралы хабардар етуді, атқарушы органдардың ел тұрғындары алдында есеп беруі мен жауапкершілігін күшейтуді, халықты мемлекеттік басқару процесіне кеңінен тартуды тапсырған болатын.

Аталған кездесулер кезінде министрлер өз саласы бойынша азаматтарды жеке қабылдайды. Бірінші кезекте жергілікті деңгейде шешімін таппаған және ведомствоаралық тәсілдерді қолдануды талап ететін проблемалық мәселелер қаралады.

Негізгі жаңалық – кездесудің кемінде 75%-ы «сұрақ-жауап» форматында өтеді.

Министрлер кездесулердің қорытындысы мен халықтың проблемалық мәселелері бойынша қабылданған шешімдер туралы Үкіметте есеп беруі тиіс.

Орталық мемлекеттік органдар басшыларының кездесу кестесімен толығырақ сілтеме арқылы танысуға болады.





Дереккөз: primeminister.kz