Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Референдумды бақылауға 4 халықаралық ұйым мен 13 мемлекеттен 105 байқаушы тіркелді

Референдумды бақылауға 4 халықаралық ұйым мен 13 мемлекеттен 105 байқаушы тіркелді

Еліміздегі шетелдік дипломатиялық миссия өкілдері конституциялық реформалар туралы кеңінен мағлұмат алды. Сыртқы істер министрлігінде өткен басқосуда референдум комиссиясы өкілдері еліміз үшін маңызды шараның негізгі кезеңдерінен бастап, референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар тізімімен таныстырды. Қазіргі таңда ел бойынша 10 мыңнан астам сайлау учаскесі ашылған.

Референдумды бақылауға төрт халықаралық ұйым мен 13 мемлекеттен 105 байқаушы тіркелген. Олар Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, Түрік елдері саммиті, ТМД елдері және тағы басқа белді ұйымдар тарапынан келген өкілдер. Елшілер референдум халықтың болашағына оң өзгерістер әкелеріне сенімді.

Хорхе Урбиола, Қазақстандағы Испания елшісі:


Референдум өткізудің өзі мемлекетіңіз үшін үлкен бір жетістік. Алғашқысы 1995 жылы өткен. Ең маңыздысы, қазір сөзден іске көшу. Қазақстанға өзгерістер келетін күн алыс емес деп ойлаймын.



Дереккөз: qazaqstan.tv