Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Елордада жаңа көпір ашылады

Елордада жаңа көпір ашылады

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Ұлы дала даңғылында орналасқан көпірде көлік қозғалысына қашан рұқсат берілетінін айтты.

«Дүйсенбі, яғни 8 тамызда Ұлы дала даңғылында орналасқан көпірде қозғалыс ашылады. Автомобиль көпірін салу бойынша негізгі жұмыс аяқталды. Осылайша көпір үстінде қозғалыс қайта ашылады. Ал көпірді абаттандыру, оның ішінде тротуар бөлігі бойынша соңғы жұмыстар жүргізіле беретін болады», - деп жазды әкім Instagram-дағы парақшасында.

Ұлы дала даңғылындағы көпір Мәңгілік ел даңғылындағы, А.Байтұрсынұлы, Р. Қошқарбаев, Ж.Нәжімеденов көшелеріндегі, Nova city ауданы мен «Мыңжылдық» аллеясындағы көлік ағынын сейілтуге мүмкіндік береді, бұған қоса «Нұрлы жол» жаңа вокзалы, Тельман және Промышленный елді мекендері, МЕТРО гипермаркеті ауданы, Жұмабаев даңғылы, Жүргенов көшесі және тағы басқа аудандар арасында байланысты арттырады.