Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Оралда кәсіпкерді өлтірген күдіктілер ұсталды

Оралда кәсіпкерді өлтірген күдіктілер ұсталды

Орал қаласында кәсіпкерді өлтірген күдіктілер ұсталды. Бұл туралы БҚО полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жанболат Жаншиннің брифингте мәлім етті.

Күдіктілер бүгін шамамен 10.30-да «Көктем» саяжайында тығылып жатқан жерінен қолға түсті.

«1991 және 2001 жылғы күдіктілер қашуға тырысқанымен, полицейлерден құтылған жоқ. Қылмыс орын алғаннан бері облыс бойынша кең көлемде іздестіру жұмыстары жүргізілді. Оған Ұлттық ұлан жауынгерлері де тартылды. Қазіргі кезде аталған қылмыстық іс ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігіне сәйкес қайта сараланды. Бұл бап бойынша айыпты деп танылған адам 20 жылдан бастап өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қылмыстық іс ҚР Ішкі істер министрлігінің бақылауында», деді Ж.Жаншин.