Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қазақстанда 2 мыңнан астам көлік заңсыз тіркелген

Қазақстанда 2 мыңнан астам көлік заңсыз тіркелген

Шет елден әкелінген көліктерді Қазақстанда заңсыз есепке қою бойынша қылмыстық істер тергеліп жатыр. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек ведомствоның онлайн брифингісінде айтты.

«Қазіргі уақытта ҚР ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаменті еліміздің 7 өңірінде жақын шет елдерден әкелінген көліктерді Қазақстан Республикасында заңсыз есепке қою бойынша қылмыстық істерді тергеп жатыр», - деді Ш. Тұрлыбек.

Ведомствода атап өткендей, соңғы үш жылда 2 мыңнан астам көлік заңсыз тіркелген. Мемлекетке келтірілген шығын 10 млрд теңгеден асты.