Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Елімізде пәтер бағасы 20 пайызға өскен

Елімізде пәтер бағасы 20 пайызға өскен

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2022 жылғы шілдеде 2021 жылғы шілдемен салыстырғанда ҚР-дағы қайталама нарықтағы пәтерлердің бағасы 26,4%-ға, ал жаңа тұрғын үйлерді сату бағасы 19,6%-ға өскен.

2022 жылдың шілдесінде тұрғын үйді жалға алу ақысы өткен жылдың сәйкес айымен салыстырғанда 20,8%-ға артқан. Өңірлік бөліністе жаңа салынған тұрғын үйлер нарығындағы баспана жылдық мәнде Ақтөбе қаласында – 32,5%, Нұр-Сұлтан қаласында – 27,6%, Өскеменде 26,1% қымбаттады. Қайталама нарықтағы баға өсімі бойынша көшбасшылар – Қызылорда (44%), Өскемен (43,7%), Талдықорған (43,4%) және Нұр-Сұлтан қалалары (41,3%), ал тұрғын үйді жалға алу нарығында – Алматы қаласы (47,2%).