Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

BINCLOUD қаржы пирамидасына қатысты тергеу басталды

BINCLOUD қаржы пирамидасына қатысты тергеу басталды

BINCLOUD қаржы пирамидасына қатысты тергеу басталды. Қаржы мониторингтік агенттігі БҚО бойынша департаменті қаржы пирамидасын ұйымдастыру белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. WhatsApp және Telegram мессенджерлері арқылы азаматтардың ақшалай қаражатын тарта отырып, BINCLOUD қаржы пирамидасы ұйымдастырылғаны анықталды. «BINCLOUD бағдарламасына сәйкес жеке тұлғалар белгілі бір қаражатқа виртуалды майнинг жабдығын жалға алады, одан күн сайын салынған соманың 5-6% мөлшерінде инвестициялық кіріс алады. Сонымен қатар клиенттерден кіріс қаражатын шығару кезінде қаржы пирамидасын ұйымдастырушылардың пайдасына жалпы қаражаттың 16% ұсталады», – делінген мәліметте. Агенттік BINCLOUD бағдарламасына қатысып, зардап шеккендерді аумақтық департаменттерге немесе сенім телефоны арқылы хабарласуды сұрайды.

*****
Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек 11 тамызда Приозерск және Балқаш тұрғындарымен кездесіп, жеке қабылдау өткізеді. Приозерск қаласының тұрғындарымен кездесу сағат 10:30-да "Достық" балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығында өтеді.  Қарағанды облысының әкімі балқаштықтармен сағат 16:00-де М.Хамзин атындағы Металлургтер мәдениет сарайында кездеседі. Халықтан сұрақтар мен ұсыныстар жинау үшін жұмыс топтары құрылды.  
*****
Күзгі жаңа телевизиялық маусымнан бастап «Qazaqstan» телеарнасынан «Нартәуекел» интеллектуалдық шоуы эфирге шығады. Жоба барысында қатысушылар түрлі бағыттағы интеллектуалдық сұрақтарға жауап бере отырып, 1 миллион теңге қаржылай жүлдеге ие бола алады.  Жүлде қоры демеуші есебінен беріледі. Интеллектуалдық жобаға бүгіннен бастап  тек 18 жастан асқан қазақстандықтар өтінім бере алады. Өтінімдер qazaqstan.tv сайты арқылы 2022 жылғы 20 тамызға дейін қабылданады.
*****
900 жылдан астам уақыт бұрын салынған Қытайдағы ең ұзын көпір – Ваньань өртке оранып, толығымен жанып кетті. Бұл туралы Еuronews хабарлады. Көпірдің жалпы ұзындығы – 98,2 метр, ені – 4,7 метр. Ол Сун династиясының билігі кезінде салынған. Көпір бұған дейін 1742 жылы бір рет өртенген. Кейін ол жөнделді. 2006 жылы көпір ұлттық деңгейде қорғалуға жататын нысандар тізіміне енгізілді. Ол ағаштан жасалған Қытайдағы ең ұзын аркалы көпір болды.
*****
Қарағандылық Виктор Степанов Канадада байдарка мен каноэда есуден әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болды. Бұл медаль Қазақстан тарихында екінші және Қарағанды облысы үшін осы спорт түріндегі бірінші медаль болды. Осыдан он жеті жыл бұрын ұлттық құраманың өкілі Жомарт Сатыбалдин тұғырдың үшінші сатысына көтерілген болатын. Қазақстан намысын Халифакста  жалғыз спортшы – Қарағанды облысының оқушысы Виктор Степанов қорғады. Ол 200 м қашықтықты 39.44 секундта жүзіп өтті. Бірінші орын поляк Олексия Колядичке, екінші орын неміс Нико Пикертке бұйырды.