Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

"Зерде" холдингі таратылды

Қазақстан Үкіметі «Зерде» холдингі» акционерлік қоғамын жабу туралы қаулы шығарды.

«ҚР Үкіметі 2022 жылдың 5 тамызында «Зерде» ұлттық ақпараттық-коммуникациялық холдингі» акционерлік қоғамын жабуды көздейтін қаулыны қабылдады. Аталған құжат Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілер эталондық бақылау банкінде жарияланады», - деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметінен.

Айта кетейік, «Зерде» холдингін жабу жылына шамамен 3 млрд теңгені үнемдеуге мүмкіндік беретіндігі айтылған болатын. 2016-2021 жылдары холдингтің жинақталып қалған шығыны 7 млрд теңгеге жетіп отыр.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінде жеткілікті дәрежеде тиімді болмай отырған «Зерде» ұлттық ақпараттық-коммуникациялық холдингін реформалау жөнінде тапсырма берген еді.