Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Тәулік тынысы 19.08.2022

Тәулік тынысы 19.08.2022

Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Ресей Федерациясының Сочи қаласына жетті. Сапар аясында Мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путинмен кездеседі. Қазақстан мен Ресей басшылары екі елдің стратегиялық серіктестігінің өзекті мәселелерін, соның ішінде сауда-экономикалық ынтымақтастығын одан әрі дамыту тақырыбын талқылайды.

*****
Ташкентте Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің Қауіпсіздік кеңестері хатшыларының он жетінші кездесуі өтті, оған Президент  көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Ғизат Нұрдәулетов қатысты. Тараптар терроризмге, сепаратизм мен экстремизмге, қару-жарақ пен есірткінің заңсыз айналымына, трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл, халықаралық ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету сияқты салалардағы ынтымақтастықты одан әрі дамытудың негізгі аспектілері бойынша пікір алмасты.
*****
Қыркүйек айында  күшіне енетін волонтерлік қызмет туралы заңның орындалу процесін анықтауда мониторинг жүргізілмек. Бұл туралы Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев  айтты.  «Сенат тарапынан  елімізде волонтерлікті одан әрі дамытуға байланысты мәселелерді ерекше бақылауда ұстауды жалғастырамыз. Волонтерлік туралы заңнаманың, оның ішінде өңірлерде іс жүзінде іске асырылуына мониторинг жүргізу маңызды. Қажет болған жағдайда заңнамалық базаны жетілдіреміз», - деді Мәулен Әшімбаев Орталық Азия волонтерлер форумында.
*****
Бүгін педагогтердің республикалық тамыз конференциясында Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов министрлікке мұғалімдердің біліктілігін арттыруға қатысты тапсырмалар жүктеді. «Кәсіби дамуды жаңа деңгейге көтеру үшін педагогтердің пәндік қауымдастықтар бойынша бірігуі көмектеседі. Сондықтан Оқу-ағарту министрлігінен оқыту пәндері бойынша педагогтердің республикалық қауымдастықтарын құру мәселесін пысықтауды сұраймын», - деді Ералы Тоғжанов республикалық тамыз конференциясында. Соынмен қатар  жиында Ералы Тоғжанов мектептерде балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесіне назар аударды. «30 қыркүйекке дейін балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау бойынша кешенді жоспарды әзірлеу керек.», - деді Ералы Тоғжанов.
*****
Балабақшада тәрбиешінің жүктемесі  азайтылмақ. Бүгін педагогтердің республикалық тамыз конференциясында Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов балабақшаларда педагогтердің жүктемесін азайту жоспары туралы айтты. « алдымызда мектепке дейін білім беру ұйымдарында педагогтердің жалақысын көтеру мақсаты тұр. Сондықтан біз бірнеше қанатқақты жобаны қолға алдық. Бір топқа екі тәрбиеші жіберіледі.  Осылайша олар балаларға көп көңіл бөліп, педагогке түсетін жүктеме азаяды», - деді Асхат  Аймағамбетов.
*****
Қазақстан мен Әзірбайжан арасында  сарапшылар кеңесі құрылды. Бұл туралы Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры Еркін Тұқымов айтты. Ол атап өткендей биыл екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына  30 жыл  толып отыр.  
Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры Еркін Тұқымов атап өткендей  Былтыр  Қазақстан мен Әзірбайжан елдері арасындағы тауар айналымы 332 млн АҚШ доллорына жетті.
*****
Естеріңізге сала кетейік, 24 тамыз күні Мемлекет басшысы Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевтің шақыруымен Баку қаласына ресми сапармен барады.
*****
Елде  жүйелі түрде спортпен 6 жарым млн адам айналысады. Бұл  спорттағы жалпы халықтың 34,2 пайызына тең. Бұл туралы «Дене шынықтыру және спорт саласында қабылданып жатқан шаралар туралы» айтылған брифингте  Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасының м.а Бекболат  Байжанов айтты.
*****
Автокөліктерді жеңілдетілген несиемен беру бағдарламасына тағы 10 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне қарасты «Өнеркәсіпті дамыту қорынан» мәлім етті. Аталған бағдарламаға жоспар бойынша 100 млрд теңге қарастырылған. Алғашқы 90 млрд теңге осыдан үш ай бұрын бөлінді. Бүгінге дейін жеңілдетілген шарттармен несиелеу бағдарламасы бойынша 10 мың  015  ел азаматы көлік алған. Ал жалпы 4 пайызбен теміртұлпар алуға ниетті 31 538 адамнан өтініш түскен.