Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Тәулік тынысы 23.08.2022

Тәулік тынысы 23.08.2022

Бүгін Президент экономикалық мәселелер жөніндегі кеңес өткізді. Онда 2023-2027 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамы, сондай-ақ 2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасына қатысты мәселелер қаралды. Премьер-Министр ұсынған макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша 2022 жылы жалпы ішкі өнімнің нақты өсімі 3 пайыздан кем болмайды. Ал 2023 жылы 4 пайызға жетеді. Президент ұсынылған әлеуметтік-экономикалық даму болжамының тепе-теңдігін атап өтті. Үкіметтің деректеріне сәйкес, жалпы ішкі өнімнің номиналды өсімі биылғы 103,6 триллион теңгеден 2023 жылы 120,7 триллион теңгеге дейін жетеді деп болжанып отыр.

*****
АИ-92 маркалы бензиннің елімізде екі апталық қоры бар. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов айтты.
*****
Биыл мал азығына арналған егістік алқабы 500 мың гектарға ұлғайтылған. Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Үкімет отырысында осылай деді.
*****
Елімізде ауасы жоғары деңгейде ластанған қалалар саны 10-нан 9-ға дейін кеміді. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зұлфұхар Жолдасов ОКҚ-де өткен брифингте осылай деді. Сондай-ақ Зұлфұхар Жолдасов республика қалаларындағы ауаның ластану себептерін үш санатқа бөлуге болатынын атап өтті.
*****
Ақпаннан бері Ресей әскерімен қарулы қақтығыста Украина 9 мыңдай жауынгер жоғалтқан. Мұны осы елдің қарулы күштерінің қолбасшысы, генерал Валерий Залужний мәлімдеді. Ал Біріккен Ұлттар Ұйымының соңғы дерегінше, Украинада жарты жыл бұрын басталған қарулы қақтығыстардан 5587 бейбіт тұрғын мерт болған. Сонымен қатар мың шақты бала қаза тапқан. Дегенмен басқа болжамдарға қарағанда құрбандардың шын саны бұдан әлдеқайда көп болуы мүмкін. Ресей Украинада өлген жауынгерлері мен офицерлері туралы ресми деректі наурызда жариялап, 1351 адамынан айырылғанын хабарлаған. Алайда Пентагон екі апта бұрын мәлімдегендей, Украинада жан тәсілім еткен және жараланған ресейлік әскерилер саны 70-80 мыңға жетіп қалады.
*****
Қазақстанда Hyundai Accent Седан мен Hyundai Creta өндірісі уақытша тоқтады. Тиісті компанияның айтуынша, оған Ресейге салынған санкциялар себеп болған. Наурыздан бері Санкт-Петербургтегі Hyundai зауыты жабылған соң құрамдас бөліктер жеткізу қиындап, компания басқа елдермен келіссөздер жүргізуге мәжбүр болған. Енді машина құрастырушылар бұл көліктердің өнідірісіне қажетті бөлшектерді жеткізудің жаңа жолдарын қарастып жатқанын айтты.