Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Тәулік тынысы 24.08.2022

Тәулік тынысы 24.08.2022

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  ресми сапармен  Әзербайжан  мемлекетіне  барды.  Мемлекет басшысы   Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен кездесті.  «Бұл – Қазақстан Президенті ретінде алғаш рет ресми сапармен келуім. Бұл сапардың мен үшін мән-маңызы айрықша.», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

*****
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді.    Сонымен қатар  Мемлекет басшысы келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне  мәлімдеме жасады.  Онда Президент  Өткен жылдың қорытындысы бойынша өзара тауар айналымының көлемі 3 есе артқанын  жеткізді.  «Ортақ күш-жігердің арқасында мәдени-гуманитарлық саладағы ықпалдастықтың да күшейіп келе жатқаны қуантарлық жайт.  Сонымен қатар, біз елдеріміз арасында мәдениет қайраткерлері мен делегацияларды тұрақты алмасуға келістік.  Жалпы, сапарымның нәтижесін өте табысты деп бағалаймын» деді Президент.  Айта кетейік, Әзербайжанның Сумгаит қаласындағы көшеге Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілді. Ел астанасында үлкен көшелердің біріне немесе даңғылға Гейдар Әлиевтің есімі беріледі. Сапар барысында  Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Президентін «Алтын Қыран» орденімен марапаттады.
*****
Әзербайжан мен Қазақстан арасында Каспий арқылы жүк тасымалдайтын танкерлердің санын көбейту қажет.  Бұл пікірді   Павлодар қаласының С.Торайғыров атындағы университетінің магистранты, жас саясаттанушы  Дәурен Ғазиз айтты.  Сарапшы сұхбатында Президенттің Бакуге жасаған сапары екі елдің ынтымағын жаңа деңгейге көтеретінін атап өтті.
*****
Қазақстандық қоғамдық даму институтының сарапшы-менеджері Олжас Бейсенбаев өз пікірінде  Қазақстан мен Әзербайжан қатынасында маңызды кезең басталғанын айтады.
*****
Алдағы уақытта мемлекеттік білім гранттарын бөлу механизмі мектептегі кәсіптік бағыттау жұмыстарымен сәйкестендіріледі. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты.
*****
«Айбоз» ұлттық сыйлығы – мемлекет тарапынан қаламгерлер мен баспагерлерге қолдау көрсету және ынталандыру мақсатымен ұйымдастырылған сыйлық.  Әдеби  сыйлық жеті номинация бойынша беріледі.  Әр номинацияның жеңімпазына  5 млн теңге жүлде тағайындалған. «2 ай ішінде 150-ге жуық еңбек түсті» дейді  Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының директоры Әділ Қойтанов.
*****
Ел астанасында мектеп тауарларының жәрмеңкесі өтеді. ОЛ «Мектепке жол» акциясы аясында ұйымдастырылады және  тамыздың 25-28 күндері  аралығында Demalys promenad аллеясында сағат 10-да басталып, кешкі 7-ге дейін жалғасады», - делінген ақпаратта.