Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Алматы облысында колония бастығының орынбасары қызметінен босатылды

Алматы облысында колония бастығының орынбасары қызметінен босатылды

Алматы облысында колония бастығының орынбасары лауазымынан босатылды. Сондай-ақ, бірнеше қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Polisia.kz сайты.

Осы айда әлеуметтік желілерде Алматы облысының колониясындағы заңсыз кездесулер туралы ақпарат пайда болды. ҚАЖ департаменті осы факті бойынша қызметтік тергеу жүргізді.

Тексеру барысында сотталғандардың бірінің туыстары мекеме әкімшілігіне шағымданғаны анықталды. Колония қызметкерлерін айыптай отырып, сотталғандардың туыстары шағымдарын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялаумен қорқытады. Қолданыстағы заңнаманы бұза отырып, мекеме бастығының орынбасары жазасын өтеуші мен оның колонияға келген туыстарын БӨП торы арқылы кездестіруді тапсырған. Кейіннен бұл жағдай БАҚ өкілдеріне сыбайлас жемқорлық құрамдас бөлігімен заңсыз кездесу ретінде ұсынылған.

Сондай-ақ, қызметтік тергеу барысында бейнежазбаларда көрсетілген басқа да фактілер бойынша сыбайлас жемқорлық құрамдас бөліктері бар қолданыстағы нұсқаулықтардың бұзылуы анықталған жоқ.

Қызметтік тергеу нәтижесінде мекеме бастығының орынбасары жіберілген заң бұзушылықтар үшін атқарып отырған қызметінен босатылды. Тағы бірқатар қызметкер, оның ішінде мекеме басшысы қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды.


Фото: matritca.kz